«Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу-әдістемелік жиыны

«Астана»өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Іс-шара барысында, күнделікті қызметті жоспарлау сапасын арттыру мен қатар нығайтудың негізгі бағыттары айтылды.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп жағдайы қарастырылып, қызметтік  жұмыстардың қорытындыларын шығару,2023-жылғы қысқы оқу кезеңі мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің жазғы оқу кезеңіндегі міндеттері қойылды. Шараның басты мақсаты: құрамалар мен бөлімдер командирлері сондай ақ орынбасарларының  жоспарлау тәртібінің біртұтас түсінігіне қол жеткізу. Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша әдістер мен тәсілдерді пысықтау қарастырылған. Әскери бөлімнің қызметін жоспарлау мәселелерінде офицерлердің теориялық білімдерін тереңдету жұмыстарыда айтылды. Оқу-әдістемелік жиын барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша практикалық ұсыныстар және сапаны арттырудың негізгі бағыттарын көрсету, әскери бөлімнің күнделікті өмірін жоспарлау жайыда сөз болды. Аталмыш іс-шараға жұмылдырылған әскери қызметшілер саны, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының басқармасынан 26-адам қатысты.

– Астана» өңірлік қолбасшылығының базасында басшылық құрамының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Бұл жиында барлық басшылық құрамға теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қоса, жазғы оқу кезеңіне мән берілді. Бұл жиынның басты мақсаты ҚР қарулы күштерінде тәртіп бұзушылық пен заңсыздықты болдырмау, сондай ақ олардың алдын алу болып табылады, – деп атап өтті, өз сөзінде «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Мұрат Агубаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды гарнизонында"Жас сарбаз" айлығы

Дүй Мам 22 , 2023
Оқылды: 495 «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алу жөніндегі 2023-жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, 2023-жылдың 16 мамыр мен 16-маусым аралығында Қарағанды гарнизонында»Жас сарбаз» айлығы өткізілуде. Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылған азаматтардың моральдық-іскерлік, әлеуметтік-тұрмыстық қасиеттерін […]