Астана» өңірлік қолбасшылығы оқу-жаттығу жиынын өткізді

Қарағанды ​​гарнизонына қарасты, Спасск оқу-жаттығу орталығының полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығының жас офицерлері мен сержанттардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындары өтуде.

 Аталмыш оқу-әдістемелік жиындар «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне одан әрі қызмет өткеруге жіберілген жоғары әскери оқу орындары мен әскери колледж түлектерімен, сондай-ақ әскери қызметін келісім шарт бойынша жалғастыруға ниет білдірген мерзімді әскери қызметшілердің қатысуымен жүзеге асырылады. Жас офицерлер мен сержанттар әскери қызметке келгеннен кейін бірден қызметін сапалы атқару үшін, оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Бұл жиын бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастырудағы теориялық және практикалық дағдыларды, бағыныштыларды тәрбиелеу әдістемесін, сондай-ақ әртүрлі жауынгерлік дайындық іс-шараларын өткізу мақсатында қолға алынған. Мұнан бөлек, жиын барысында әрбір әскери қызметшінің кәсіби және қызметтік дайындық деңгейі мен әскери мамандық аясында туындаған мәселелерін шеше білуі бағаланады. Атап айтқанда, олар атыс, физикалық және тактикалық дайындық, жауынгерлік машиналар мен арнайы техниканы басқару, сондай-ақ әскери сала мамандарына бейіндік дайындық бойынша сынақтар мен нормативтерді тапсырады. Оқу-жаттығу жиынына барлығы 66 әскери қызметші қатысты.

Бүгінгі өткізіліп жатқан, жиынның басты мақсаты – жас офицерлер мен сержанттарды жаңа лауазымға кірісер сәтте қызмет бабындағы қажетті алғышарттарды меңгеруге бағыттау, жеке құраммен оқу-жаттығу үдерісін сапалы ұйымдастыруға және тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-құқықтық шараларды талап деңгейінде жүргізуге қалыптастыру. Бүгінгі күннен бастап, еліміздің алдындағы айтарлықтай салмақты жауапкершілік жүгін сезініп отырмыз» – деп атап өтті, өз кезегінде шараға қатысушы жас маман Амантаев Олжас Саятұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мемлекеттік құпиялар - сенімді қолда

Дүй Там 21 , 2023
Оқылды: 110 Қазақстан Армиясы егемен еліміздің сенімді қорғаны. ҚР Қарулы Күштері қатарында бүгінгі таңда көптеген саладағы мамандар қызмет атқарады. Олардың жауынгерлік және сапалы кәсіби дайындығы бүгінгі күннің басты талабы. Қарағанды гарнизонына қарасты, «Астана» өңірлік қолбасшылығында Қарулы Күштердің әскери институттары және әскери колледждің 2023-жылғы түлектерімен оқу жиындары өткізілді. Аталмыш жиынға «Астана» […]