Қарағанды облысында 1 сәуір – Қазақ өнері күні кеңінен аталып өтті

2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген болатын. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күні 1925 жылы қазақтың дарынды дирижері Нұрғиса Тіленді туған.

Жалпы алғанда, күнтізбені шығарудағы негізгі мақсат жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау. Қазақ өнері күніне орай жастарға ұлттық өнеріміздің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі өнер тарландарының еңбегін насихаттау, осы арқылы олардың бойында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыру көзделеді.

Биылғы жылы аймақта республикалық Qazaq club-тың бастамасымен және Қарағанды облысының білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің тікелей қолдауымен қаладағы 80 – нен аса білім ордасында Қазақ өнері күніне орай тәрбие сағаттары, тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, жас жеткіншектер өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар сынып сағаттарында және үзіліс кезінде домбырада ойнаса, Мағжан Жұмабай атындағы гимназияның барлық сыныптарында «1 сәуір – Қазақ өнері күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, «Қазақ өнері тарихы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, сазды кеш өтті. Оқушылар Нұрғиса атамыздың әніне жазылған әндерді нақышына келтіре орындап, жас күйшілер «Әлқиса», «Ата толғауы» күйлерін орындады.

Сазды кеште сазгердің өмірі мен еңбек жолынан бейнебаяндар көрсетілді. Ал Ә.Ермек атындағы мектеп-лицейінде осы күнге арнап, 10 – шы сынып оқушылары арасында атадан балаға мирас болып, бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ өнері, әншілік дәстүр, халық өнері мен музыкасын насихаттау мақсатында «Өнер – өмір өрнегі» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ Абай атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар «Нұрғиса ағамдай боламын!» атты сынып сағатында өз өнерлерін көрсетті. Биылғы жылы кең көлемде аталып өткен «Қазақ өнері күні алдағы уақытта да насихаттала беретін болады» – дейді ұйымдастырушылар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Геологтар күні: мерекенің тарихы мен дәстүрлері

Дүй Сәу 3 , 2023
Оқылды: 390 Қазақстанда геологтар күні – жыл сайын Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен сәуірдің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.  Бұл күн еліміздің бүкіл геология саласы үшін маңызды оқиға, оның тарихы мен дәстүрлері назар аударуға тұрарлық. Мереке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 31 наурыздағы Жарлығымен кеңестік геологтардың еліміздің […]