Қарағанды гарнизонында жауынгерлік даярлық сабақтары басталды

Қарағанды гарнизоның механикаландырылған бригадасы жаңа жылға арналған міндеттерді айқындады. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде мамандық бойынша дайындық сабақтары өткізіліп, сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған.

31775 әскери бөлімінде жаңа оқу жылы жауынгерлік даярлық сабақтарынан басталды. Әскер қатарына келгеніне бір жарым ай болған сарбаздар алғаш рет жауынгерлік дабыл үнін естіп, алғаш рет қарудан оқ атқан. Жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы бойынша өткізілген бүгінгі сабақ жас жауынгердің мамандық бойынша дайындық деңгейі мен біліктілігін шыңдауға бағытталған. Жыл сайын дәстүрлі түрде, тұрақты өткізілетін мұндай сабақтар офицерлер мен сержанттар, сондай-ақ, сарбаздардың қызметтеріне, олардың кәсіби дамуына, айбынды армиямыздың дайындығын арттыруға негізделген. Жауынгерлік даярлық сабақтары ішінде оқу-жаттығу, іс жүзінде оқ-ату, минометпен ату, бөлімшелердің далалық жорықтары, сондай-ақ жауынгерлік көліктерді жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлық сабақтары әскери бөлімді шынайы жауынгерлік әзірлікке келтіруге жұмылдырылады.

«Бүгін бізде жаңадан келген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен жауынгерлік даярлық программасына байланысты дайындықтар жүргізілуде. Бұл дайындықтар жаңадан келген әскери қызметшілердің өздерінің мамандықтарына сәйкес, тәжірибелері мен практикалық жұмыстарын арттыру болып табылады. Менің тобымда аға маман көздеушілер және есептоп нөмірлері бар, мен есептоп жетекшісі болып табыламын. Бұл әскери қызметшілермен миномет туралы, сабақтар жүргізілуде. Және минометтан қалай атуға болатынын, есептоп нөмірлерінің өз жұмыстарын және аға маман көздеушілердің жұмыстарын үйретудеміз. Бұл сабақтар жарты жылда бір рет, 120 сағат көлемінде өткізіледі. Бұл сабақтың өткізілу сапасы әрбір жаңадан келген сарбаз өзінің қызметі мен міндетін жақсы орындауына байланысты болады» – деп атап өтті өз сөзінде 31775 әскери бөлімі минаатқыштар батареясының взвод командирі лейтенант Диас Мұратұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда «Тәуелсіздік белгісінің» тұсаукесері өтеді

Дүй Жел 12 , 2022
Оқылды: 74 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының Qazaq club бастамасымен «Тәуелсіздік белгісінің» тұсаукесері өтеді. Биыл көпшілікке ұсынылғалы отырған «Тәуелсіздік белгісі» осыған дейін 2020 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік лентасының» негізінде жасалды.  Төсбелгінің ортасында Қазақстан Республикасының қазіргі жер аумағын бейнелейтін карта көрініс тапқан. […]