Қарағандыда Қорғаныс министрлігінің ұшағы құлады.
Әуесқой түсірілім
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
«2020 жылдың 16 – сәуірінде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікке дайындалу үшін Қазақстан әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, экипаж мүшелері Горилко мен Құрманғалиев болған. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінде өрт шыққан. Содан ұшақ Қарақұдық ауылдық округінің аумағында құлады ашық алаңқайда құлаған. Салдарынан екі әскери қызметкер жарақат алды. Олар Х. Мақажанов клиникасына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауырлықта. Ұшқыштар енді дәрігерлердің қарауында болады. Қорғаныс министрінің бұйрығымен апатты тергеу жөніндегі комиссия тағайындалды. Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару жасағы келіп, тиісті жұмыстар жүргізілді.