Арман Шораев қамауға алынды

«Жалған мәліметтер таратқан»: Алматы полициясы Арман Шораевты қамауға алды

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Азамат А.Т. Шораев төтенше жағдай кезінде бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін қауіп төндірді», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында. Алдын-ала ақпарат бойынша Арман Шораев Қарағандыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары – «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.

Ақпарат әлеуметтік желіден және республикалық сайттардан алынды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Білім және ғылым вице-министрі ата-аналармен тікелей эфирде пікіралмасты

Сен Сәу 18 , 2020
Оқылды: 1  543 Білім және ғылым вице-министрі ата-аналармен тікелей эфирге шығып, қашықтан оқытуға қатысты пікірлерін тыңдады. Сәуірдің 19-күні ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында онлайн-брифинг болып өтті. Онлайн форматта өткен жиынға ата-аналар, қоғам белсенділері, мұғалімдер, журналистер мен блогерлер қатысты. […]