Жасанды интеллект дәуірінде адамды қандай құндылықтар сақтап қалады

2026 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұлт тәрбиесін дамытуға және қазіргі қоғамның өзекті әлеуметтік-рухани мәселелерін талқылауға арналған «Дана ғасыр» ІІ республикалық форумы өтеді.

Форумның басты мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеу идеясын дәріптеу, отбасы институтының қоғамдағы рөлін күшейту және берекелі отбасының мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі екендігін кеңінен насихаттау.

Бүгінде әлемнің көптеген елдері әлеуметтік, психологиялық және рухани сипаттағы сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Осыған байланысты форум аясында қоғамдық келісімді нығайту, отбасы мәдениетін қалыптастыру, жастар тәрбиесі, тұлғалық даму, адамның ішкі үйлесімі мен рухани құндылықтарды сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылады.

Форум бағдарламасы аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша сараптамалық пікірлермен, тәжірибелік ұсынымдармен және тиімді әдістемелермен таныса алады:

  • ұлттық сананы дамыту және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

  • қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін салауатты қарым-қатынас мәдениетін нығайту;

  • қазіргі қоғамда кең таралған әлеуметтік және психологиялық мәселелердің алдын алу жолдары;

  • тұлғаның ішкі тұрақтылығын сақтау, өзін-өзі дамыту және рухани құндылықтарды күнделікті өмірде қолдану тәжірибесі;

  • отбасы институтын нығайту және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру.

Форумды ұйымдастырушылар:

«Кемел ұрпақ» отбасылық академиясы және қоғам қайраткері, кәсіпкер, сана трансформациясы бағытындағы тәлімгер, Қазақстан Республикасы Билер алқасы Аналар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер кеңесінің медаль иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айнұр Бектұрған.

Форум туралы видеоматериал:

https://youtu.be/V9jNWnm6EPk?si=FEYCoVy3oPGwE7HE

Instagram:

https://www.instagram.com/ainur_bekturgan?igsh=OTN6bHBhbDI4Mm85&utm_source=qr

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ерлікке тағзым, дәстүрге құрмет.

Жұм Мау 19 , 2026
Оқылды: 73 Қарағанды қаласында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің құрылғанына 84 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға әскери қызметшілер, ардагерлер, олардың отбасы мүшелері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының оқушылары қатысты. Бұл тағылымды шара ұрпақтар сабақтастығын, Отан қорғаушыларға деген құрметті және жауынгерлік дәстүрлердің жалғастығын айқын көрсетті. Әскери […]