Қарағанды әскери гарнизонында рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күнін тойлаудың басты мақсаты – отандық патриотизм мен Туға, Елтаңбаға, Әнұранға деген құрмет.

Қарағанды гарнизоны мемлекетіміздің негізгі нышаны – рәміздердің бекітілген күнін атап өтті. Сондай-ақ, елдіктің тірегін сақтаушы, өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мереке күні әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизион қызметкерлері жырдан шашу шашты. Сонымен қатар, кеш соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оған мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы ақпараттар айтылды. Егемендігіміздің айғағы, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын рәміздер күні мерекесі аясында еліміздің бүкіл өңірінде түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізілгенін айта кеткен жөн.

   – Биылғы жылы мемлекеттік рәміздер күні жаңа оқу кезеңінің басталуымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл күні «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде салтанатты митингтер мен іс-шалар ұйымдастырылуда. Біз үшін мағынасы зор Елтаңбамыз, Туымыз бен Әнұранымыз бар. Олар – еліміздің ұлттық құндылығы және мақтанышы. Әскери адамдар үшін мемлекеттік рәміздер Отанымыздың бірден-бір атрибуты болып саналып, ерекше құрметтеледі. Біздің әрбір маңызды іс-шарамыз мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталса, саптық алаңдағы тудың көтерілуі тек ең үздік әскери қызметшілерге бұйырады,-деп атап өтті, 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Рамазан Бақтияров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Анадолы жеріндегі көне Хетт империясы

Бей Мау 6 , 2024
Оқылды: 353 Түркияның мәдени тартымдылығының басым бөлігі тарих бойы Анадолы түбегін билеген көптеген өркениеттердің ізінде жатыр. Бұл ерекше мәдени мозаиканың маңызды құрамдас бөлігі Анатолияның алғашқы империясы болған күшті және ықпалды хетиттер болды. Ең ерте белгілі бейбітшілік келісімі мен алғашқы белгілі махаббат поэмасын қамтитын мұрасы бар хетиттер әлемдік тарихтың маңызды тіректерінің […]