Заңға бағынған құл болмайды

Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Спасск оқу-жаттығу орталығында жергілікті әскери басқару органдарының басшылығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қылмысқа орын жоқ екені айтылып, тәртіпсіз ел болмайтыны жеткізілді. Әскер қатарында жемқорлыққа қарсы кешенді профилактикалық жұмыстар жыл сайын қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Қарулы Күштер қатарында жемқорлық іс-әрекеттерін болдырмау мақсатында түсіндіру, ескерту жұмыстары барынша жүзеге асырылады.

« –Заңға бағынған құл болмайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек. Мемлекеттік қызметте заң бұзушылыққа итермелейтін фактілерінің куәсі немесе ақпаратын білген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керек. Құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары жеке құраммен жиі өткізілуі тиіс. Себебі, осындай кездесулерді өткізу арқылы жеке құрамның теріс іс-әрекетке бармауына ой саламыз» – деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын-алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандылық офицерлер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті

Сей Шіл 18 , 2023
Оқылды: 674 Қарағандыда жергілікті әскери басқару органдары офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті. Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықовтың басшылығымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарының орынбасарларымен, басқармалар бастықтарымен, аудандық және қалалық деңгейдегі бөлімдердің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Аталған санаттағы әскери қызметшілерге мемлекеттік қызмет көрсету, азаматтарды мерзімді […]