Стамбұл: «Ұлы Жібек жолының жаңа тынысы: туризмдегі түркі бренді».

Ұлы Жібек жолы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) үшін тек тарихи мұра ғана емес, геосаяси, экономикалық және цифрлық интеграцияның басты өзегіне айналып отыр. Түркі елдері бұл көне бағытты жаңаша форматта жаңғыртуда. Экономика мен логистикада «Орта дәліз» (Middle Corridor) жобасы бар. Ұлы Жібек жолының түркі елдері арқылы өтетін бөлігі Орта дәліз (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) деп аталады. Қытайды Орталық Азия, Каспий теңізі, Әзербайжан және Түркия арқылы Еуропамен байланыстырады. Қазіргі геосаяси өзгерістерге байланысты бұл жолдың стратегиялық маңызы артты. Түркі елдері кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, теміржол мен порт инфрақұрылымын (әсіресе Ақтау, Құрық, Баку порттарын) біріктіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Road) жобасы бойынша 2026 жылдың 15 мамырында Түркістанда өткен ТМҰ-ның бейресми саммиті дәл осы «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналды. Елдер арасында ортақ технологиялық хабтар құру, логистиканы жасанды интеллект арқылы басқару жобалары іске асырылуда.
«Заманауи Жібек жолы» жобасы арқылы түркі елдері Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалаларды бірыңғай туристік маршрутқа біріктірді. Негізгі бағыттар: Самарқан, Бұхара, Түркістан, Шуша және Конья сияқты тарихи орталықтарды байланыстырады. 2026 жылғы жаңалықтар: Түркияның Анкара қаласы 2026 жылы «Түркі әлемінің туристік астанасы» болып бекітілді. Сонымен қатар, туристердің осы бағыттар бойынша кедергісіз саяхаттауы үшін ТМҰ аясында «Бірлескен музей картасын» (Joint Museum Card) енгізу дайындығы аяқталуға жақын.
Түркі мемлекеттерінің туризмі жылдан жылға артып, ортақ мәдени-тарихи құндылықтар мен бірыңғай туристік кеңістік қалыптастыру бағытында белсенді дамып келеді. Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан) бұл саланы экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналдыруды көздеп отыр. ТМҰ қолдауымен Шымбулақ (Қазақстан), Шахдаг (Әзербайжан), Улудаг (Түркия) және Амирсой (Өзбекстан) таулы курорттары «Түркі елдерінің таулы курорттары одағын құрды. Сонымен қатар, қазіргі таңда цифрлық технологияларды, жасанды интеллект шешімдерін туризмге енгізу және мобильді журналистика мен әлеуметтік желілер арқылы түркі әлемінің табиғатын насихаттау трендке айналып келеді.
Ұлы Жібек жолының жаңа тынысын 2026 жылдың 15 қыркүйегінде Стамбұлда өтетін VII Халықаралық түркітілдес журналистер межиафорумында талқыға салынады. Модератор – «Еуразиялық ынтымақтастық қорының» құрылтайшысы әрі журналист Ахмет Түзүн мырза. Аталған Медиафорум Түркітілдес журналистер қоры ме Қазақстан Әйел журналистер клубының бастамасымен 11-18 қыркүйек арасында «Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp)


