ЕЛ ҚОРҒАЙМЫН ДЕСЕҢ, КӘСІБІҢДІ ТҮЗЕ❗

Кең байтақ қазақ даласына көз тігіп, кімдер келіп, кімдер кетпеді?! Сол ұланғайыр жерімізді қорғау үшін қазақ не көріп, не көрмеді?! Қолдарына қылыш алып, «ӘРУАҚТАП» жауға шауып, дұшпандарын найзаға қадап, қандарын судай ағызып, еліміздің бір тұтастығын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпақтарына бұл даланы аманаттап берді.
Бірақ заман өзгерген сайын ел қорғау әдісі өзгеріп отырды. Өткеннің соғыс тәсілімен, еліңді сақтап, ұрпағыңа аманаттай алмайсың! Жиырмасыншы ғасырдың басында «АЛАШ АРЫСТАРЫ» осыны жете түсініп, қолдарына қару алып дұшпанға шабудан пайда болмайтынын ұғынып, ел тұтастығын сақтау жолында білім мен ғылымды қару қылды. Сол ел қорғау әдісімен қазақты оятып кетті! Қазақ білім мен ғылымның майталманы болатынын дәлелдеп кетті, жолымызға шырақ жағып, жанымызға рух берді! Қазақтың осынау кең байтақ даласын сақтай отырып, қазақтың жерін заңды түрде бекітіп, ешкімнің қол сұқпауын қамтамасыз етті!
Ал қазіргі тәуелсіз елдің ұрпақтарына елін қорғайтын негізгі әдіс білектің күшімен, найзаның ұшымен емес, тек қана ғылыммен білімге сүйеніп жатуда емес, кәсіп ашу мен ақпаратты басқаруда жатыр! Кәсіп ашып, аш бауырыңды жұмыспен қамты, ақпаратты басқарып, болашақ ұрпағыңның санасын құтқар! Ал одан да мықты болсаң, қазақ нарығынан шетел нарығын қуып шығып, әр қазақты отандық дүниелермен қамты. Өзгенің ақпаратынан еліңді тазартып, өз ақпаратың мен өз жарнамаңды өзге елге тарат! Бұрынғы заманда өзге елді жаулап берік қамал салып алса, сен қазіргі заман әдісімен өзге елдің нарығын жаулап, өз зауытыңды салып ал! Келер ұрпақ алдында қарабет болма! Еліңді қандай тұттастықта алдың, келешек ұрпаққа сондай тұтастыққа аманаттап бер! Өз еліңді заманға сай қорға! Ел қорғаймын десең, кәсібіңді түзе!

Бекзат Болатұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«ҚазАвтоДор» мекемесіне айыппұл салынды

Дүй Нау 2 , 2020
Оқылды: 1  745 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Өңірдегі республикалық маңызға ие жолды қалың қардан дұрыс тазаламаған «Қазавтодор» мекемесі жауапкершілікке тартылды. Енді өз жұмысына салғырт қарап, міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін мердігер ұйым мемлекетке 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.