Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандары дайындалады

Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу  зертханалары мен оқыту бағдарламалары ашылды.

2021 жылғы 19 сәуір, Алматы қаласы. Клиенттердің қажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеуде. Өткен жұмада Қазақстан-Британ техникалық университетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Осылайша, Halyk Bank ҚБТУ-мен бірлесіп бастаманы іске қосты, оған сәйкес ЖОО базасында еліміздің ірі Банкі үшін білікті мамандар дайындалатын болады.

Академия базасында Microsoft корпорациясының“Azure” бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдерімен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT-жобаларды әзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғары технологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасындакез-келген масштабтағы хакатондар мен демонстрациялар өткізуге мүмкіндік береді.

Антон Мусин, Halyk Bank басқарма төрағасыныңбірінші орынбасары: “Финтех – бұл тез өзгеретінтехнологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасындаүнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы. Тиісінше, жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары біліктікадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. HalykBank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academy жобасын белсенді дамытуда. Біз материалдық-техникалық базаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқуорындарының студенттерін даярлау мен білім беруге қосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банктік технологиялармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең алдымен, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT-жобаларға іскеасыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттерге қызықты“.

Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бірнемесе бірнеше тректерінің бірлескен әзірлеушісі болудыжоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасына нарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген.

Кенжебек Ибрашев, ҚБТУ ректоры (БасқармаТөрағасы): “Кез келген университеттің негізгі міндеті – нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Жоғары білімнің маңызды бағытының бірі студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағы тағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсы үлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттерге қажетті практикалық дағдыларды дарытуға және оларды Банктің технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірек интеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажетті технологиялармен танысуға, сондай-ақ одан әрі тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылай көрінуі керек. Halyk Bank-пен біраз уақыт бұрын пайда болған Halyk Academy құру идеясы қазір шындыққа айналды. Көптеген басқа IT жобалар сияқты – бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастау алады. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолының басында тұрмыз және осы Академия одан ары дами түсетініне сенімдімін.

Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басым бағыты біз үшін нарықтың қажеттілігінен туындаған барлық мүдделі әріптестер арасында табысты синергияны құру. Жобаның әрбір қатысушысының индустриялық құзыреттерін ескере отырып, өзара іс-қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлы трансформациясының сын-қатерлеріне дайын сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT–мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университеті және Microsoft-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында біз жоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көп жетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жобаны іске қостық“.

Алдағы уақытта жоба дарынды жастарды Орталық Азияныңірі қаржы институты – Halyk Bank-те тағылымдамадан өтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін HalykBank–те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдамабағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді.

Halyk Academy Halyk Bank пен бірнеше қазақстандық жоғары оқу орындарының (ҚБТУ жәнеХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамыту перспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатын теңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Жоба: Halyk Bank біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тұрақты легін ұйымдастыруға; тағылымдама бағдарламаларын (онлайн-ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайы жетілдіруге; Банктің басымдықтарына сәйкес бизнес-кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді; университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқуорындарының оқу бағдарламаларын Банктің басымдықтарына бейімдеу; білім беру мен банк индустриясы арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқарту болып табылады.

Дереккөз: https://ttjk.info/ веб сайтынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда әскерге шақыру басталды

Сей Сәу 20 , 2021
Оқылды: 949 Қарағанды ​​облысынан шамамен 1200-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.  Қарағанды ​​облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне баратын әскери командаларды жасақтау үстінде. – Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысында Қарулы Күштер қатарына 300-ге жуық әскери қызметші шақырылды. Барлығы 2021 жылдың маусым айының соңына дейін Қарағанды ​​облысынан 1200-ден […]