Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр. Ауған жерінде борышын өтеп келген бейбіт күннің бүгінгі батырлары қаза болған достарын еске алып, 85510 әскери бөлімінде бас қосты.
Ауған жерінде орын алған соғыс тарих беттерінде өзіндік із салып, талай жанның жүрегін жаралады. Талай жас қыршын қиылды, майдан даласында шейіт болды. Кеңес әскерлерінің айтулы мерекесіне орай «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 85510 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен ерлік сабағы өткізілді.
Қанды қырғын ортасына бір кездері бірге аттанған балаң жігіттер бүгінде ел ағасы. Арада жылдар өтседе олар үшін жазылмаған жан жарасы. Сирек болсада бас қосқанда шейіт болған боздақтарды еске алған ел ағалары, Ауған соғысында жасаған ерліктерімен бастарынан кешкен оқиғаларын айтып, сарбаздардың бойынан жауынгерлік рухын ояту мақсатында, өз еліне, жұртына адал қызмет етуге патриоттық рухын көтеруге жиналды. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Ақтас кентінің тумалары, ауған соғысының ардагерлері Виктор Михайлович Нестеренко пен Рафис Кутузович Галеев шақыртылды. 85510 әскери бөлімінің ұжымы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, алғыс грамоталарын ұсынып, естелік суреттерге түсті.
– Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан. Сол кешегі өрімдей жас боздақтар ерлігі бізге, бүгін аңыз ғана. Арада 34 жыл өтседе, сол кезеңде бірге жауынгерлік іс-қимылға қатысқан азаматтар бүгінде ардагерлер. Жас ұрпақ бойына қайсар рух қалыптастыратын бүгінгі шарада, тағлым мен өнеге көп болғаны анық, – дейді, 85510 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Асқар Серікбаев