Өміріңді сақта

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру іс-шараларының бірыңғай жоспарына сәйкес, осы жылдың ақпан айында «құқық бұзбайтын әскер» атты акция аясында Приозерск гарнизонына қарасты барлық мекеме басшыларының отырысы өткізілді.

Жиынға Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Үмітәлі Бектаев, Приозерск гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Дармузаев, Приозерск гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет аға лейтенанты Ернар Елеусізов, Приозерск қалалық мешітінің имамы Дәуітқажы Сейітқали Қожахметов, Христиан дінің өкілі шырақшы Олег, Приозерск қаласы әкімшілік бөлімінің бастығы полиция майоры Бақытжан Леспаев және Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет майоры Жалғасбек Айдынбеков қатысты.
Отырыс барысында жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскердегі орны толмас шығындарды азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру және оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы мәселелер қарастырылды.
Приозерск қалалық мешітінің имамы Дәуітқажы Сейітқали Қожахметов және Христиан дінінің өкілі шырақшы Олег «Дiни көзқарас бойынша өзіне-өзі қол жұмсауға жол берілмейтіні және табиғи заңдылыққа қарсылығы туралы жеке құрамға түсiндіру» жұмыстарын жүргізді.

Думан Жұмашұлы

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшсы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Сыршыл әуен» атты көркем суреттер көрмесі

Сәр Ақп 15 , 2023
Оқылды: 359 Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет» кафедрасының доценті  Бақтияр Сыбанұлы Бүркітбаевтың «Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық» мерейтойына арналған «Сыршыл әуен» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу көрмесіңде Бақтияр Сыбанұлының өз қолынан шыққан керемет көркем суреттерді тамашаладық. Келген көрермендер туындыны көріп таңғалды, ондай әсемдік, түстердің үйлесімділігі, […]