Әскери қызметшілерге арналған экстремизм және терроризм жайында конференция ұйымдастырылды

Қарағанды облысының қоғамдық процесстерді зерделеу және талдау орталығы мен Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен 44803 әскери бөлімінде «Әскери қызметшілермен олардың отбасы мүшелерін діни экстремизм идеологиясының теріс әсерінен қорғау» тақырыбында конференция өткізілді.

Конференцияға теолог С. Тілекбаев, Саран мешіті ҚМДБ филиалының имамы Д. Ерболат, Саран қаласы Әулие Тихон ғибадатханасы Приходтың аббаты В. Бухлеев, сондай-ақ Саран қаласының полиция майоры Ш. Қозжановтың қатысуымен

Конференция барысында теолог С. Тілекбаев қазіргі әлемде діни экстремизм мен терроризм, қоғам мен мемлекеттік тұтастық үшін аса маңызды проблемалар мен қатерлердің бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге, қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, елімізде бұл проблематикаға үлкен көңіл бөлініп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеліп жатқаны жеткізілді.
Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады. Бұл жалпыға ортақ проблема, бұл мәселені біз мемлекеттік орган болып қана емес, бүкіл ел болып шешуіміз керек. Шараның өткізілуіне қолдау танытып, мұрындық болған Қарағанды өңірлік әскери полициясының басқармасына алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды облысының қоғамдық процесстерді зерделу және талдау орталығының атқарушы директоры-теолог С. Тілекбаев. Кездесу барысында спикерлер әскери ортадағы діни экстремизм мен терроризмнің көріністерімен байланысты жағдайға және қазіргі заманның осындай сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл шараларына қатысты әскери қызметшілерді қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияда апат болмаған аймақтарда туристік сапарлар жалғасады

Сен Ақп 18 , 2023
Оқылды: 379 Түркияда ақпанда болған жер сілкінісі Қазақстандағы туроператорлар мен агенттіктердің жұмысына кері әсер еткен жоқ. Жазғы демалысқа жолдама алып қойған туристер сапардан бас тартпаған. Туристік агенттер Түркиядағы танымал курорттарға алдын ала сатып алған билеттерді қайтармаған. «Туристік Қамқор» қорының президенті Ирина Рей: «Қазіргі таңда Түркияда біздің 200-ге жуық клиентіміз бар. […]