ГАЗ ОРНАТУҒА – ПАЙЫЗСЫЗ НЕСИЕ

Алматы қаласының тұрғындарына тағы бір жақсы мүмкіндік туып тұр. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беру жиынында Алматыны дамыту және әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларды қолдауға үш мәселеге баса назар аударды.

Мысалы, заманауи құрылғыларды сатып алу және орнату есебінен зиянды газдарды анықтау және Алматы қаласы әуе бассейнінің жай-күйін бақылау сапасын жақсарту, сондай-ақ қайырымдылық бағытта үй шаруашылығын қолдау үшін әлеуметтік жағдайы төмен және газ орнатуға мүмкіндігі жоқ, мәжбүрлі түрде зиянды заттарды шығару көзі болып табылатын пешті қолданып отырған халыққа қолдау көрсету.
– Тұрғындар үйіне газ орнату үшін азаматтарға пайызсыз несие беру мәселесін пысықтауға болады деп ойлаймын және бұл тақырыпты егжей-тегжейлі Halyk Bank-пен талқылап, бірге жұмыс істейміз, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Бұл ұсынысты банк өкілі де қолдады. “Halyk Bank бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан ұйым ретінде, біздің туған қаламызда қалыптасқан экологиялық жағдайға қатты алаңдаймыз”, – деп мәлімдеген Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев әкімнің ұсынысын қолдайтынын жеткізді: “Сондықтан, біз өз тарапымыздан экологияны жақсарту жөніндегі бағдарламаға қатысуға және Алматы қаласы әкімдігінің экологиялық бағдарламаларын қолдауға, демеушілік үлес қосуға дайын екенімізді мәлімдейміз. Біз үшін ауа тазалығын бақылау мониторингі жүйесін құру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйіне газ орнату бастамасы маңызды. Республикадағы және қаланың ірі қаржы ұйымы ретінде біз Алматының бизнес қауымдастығын атаулы бастамаға қосылуға шақырамыз.
Қазіргі уақытта ұсынған бастаманы іске асыру үшін қала әкімдігімен бірлесіп пысықталуда. Нәтижесі қосымша жарияланады”.
***
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстан Республикасындағы ең ірі коммерциялық банк, нарықта 95 жылдан аса табысты жұмыс істеп келеді және негізгі көрсеткіштер бойынша елде көшбасшы орында тұр. Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең саласын (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және жақыннан бері Өзбекстанда іске асырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

“ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ” — 2020

Бей Ақп 20 , 2020
Оқылды: 1  581 АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЫЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. «ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ»-2020 – мектеп оқушылары арасында жыл сайын өтетін шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен, Қазақстандағы жалпы білім беретін, гимназиялар, лицейлердегі 2-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру және […]