Ерлік – елдікке жеткізер

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді.


Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу болып табылады.
Болашақ дәл бүгінен басталады. Ал, төл тарихымызды білу және қастерлеп құрметтеу, мына-біздің міндетіміз. Егемен елімізді қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін. Бүгінгі іс-шарадан көп нәрсе түйдім. Біз сияқты мектеп қабырғасындағы оқушыларға осындай шаралар жиі ұйымдастырылғаны жақсы, – деді 9-сынып оқушысы Мөлдір Смағұлова.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының​ Қарулы Күштері қатарында қызмет атқару ерекшеліктері мен мемлекет тарапынан көрсетілер көмек жайыда айтылды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Елордалық ЖОО профессорлары ҚР қолданыстағы заңдарының қабылдау және оқуға жеңілдігі мәселесін қарастырады

Жұм Сәу 23 , 2021
Оқылды: 1  398 Елордалық университетте «Readability of Law» жобасы басталды. Аталған жоба аясында университет профессорлары ҚР күшіндегі заңдардың түсінікті және оқуға ыңғайлылығы бойынша проблемаларды зерттейді. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев халықаралық конференция барысында айтты. «Өзбекстанда заң ғылымын дамыту және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» […]