Оқулық шығаруда талап күшейтіледі

Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады

2020 жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санаттарына өту балдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай өзгерістер жалақының айтарлықтай өсуіне әсер етедеді. Бұлжөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те тікелей эфирде өткен халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

«Қазіргі таңда оқулықтардың сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл –өзекті мәселе», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов есептік кездесу барысында. Бұл мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі қозғайды.

«Биылдан бастап оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту туралы БҒМ-нің бұйрығы шықты. Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады. Оқулық авторлары мен баспалардың оқулықтарды әзірлеудегі жауапкершілігі артты. Енді сатып алынған оқулықтарда қателер анықталған жағдайда, баспалар барлық шығынды өздері өтейді. Авторлар мен сарапшыларды оқыту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оқулықтармен қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптарды күшейтеміз, 100% қамтамасыз ету біз үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс», – деді ҚР Білім және ғылым министрі.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда мектеп оқушыларының 96%-ы жаңартылған білім мазмұнына көшкенін, ал 11-сыныптар биыл ауысатынын айтты. Осылайша, ведомство басшысы орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім мазмұнына көшуін аяқтайтынын мәлімдеді. Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттар желісін құру басталды. 10 өңірде осындай мектептер ашылып, жыл соңына дейін тағы жеті мектеп ашу жоспарланып отыр.

«Педагогтердің сапалық құрамын арттыру бойынша шаралар қабылданды. 150 мыңнан астам педагог біліктілік санаттарын растап, 30-дан 50% – ға дейін қосымша ақы алады. Осы жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санаттары үшін өту балдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары үшін аттестаттау енгізілді. Енді олар аттестаттаудан өтеді, соның нәтижесі бойынша айлық ақыларына 30-дан 100% – ға дейін қосымша ақы төленетін біліктілік санаттары беріледі. Алғаш рет басшылардың жалақысы жұмыс нәтижелеріне байланысты сараланады», – деп толықтырды Асхат Аймағамбетов.

Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жетілдіріліп жатыр. Педагогтерді оқыту тәжірибелерін жақсарту үшін курстан кейінгі мониторинг пен сүйемелдеу енгізілді. Сонымен қатар мамандық бойынша қайта даярлау мүмкіндігі қарастырылған. Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету үшін тәлімгерлік институты енгізілу үстінде. Тәжірибелі педагогтердің жұмысқа жаңадан қабылданған әріптестеріне тәлімгер болғаны үшін ай сайын 17 мың теңге көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау және бір мектептен екіншісіне ауыстыру жүйесі автоматтандырылады.

«Енді ата-аналарға бір мектептен екінші мектепке барып, құжаттарын қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Мұны е-gov платформасында жасауға болады. Бұл ата-аналардың уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды трансформациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап 4 және 9-сынып оқушыларының пәннен алған білімдерін бағалауға емес, функционалдық сауаттылықтарын анықтауға бағытталған мониторинг жүргізіледі», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Министр оқу процесін ұйымдастыруды цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Мектептер үшін оқулықтарды сатып алу немесе электрондық оқулықтарға жазылу мүмкіндігі қарастырылады. Ұлттық білім беру деректер қоры білім саласындағы барлық ақпараттың қайнар көзі болады. Сонымен қатар ел көлемінде пайдаланылатын базалармен синхрондалады. Білім туралы барлық құжат цифрлық форматқа көшіріледі, ал оқулықтарды сараптау ашық платформада жүргізілетін болады.

 ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстандағы Корпоративтік дискриминация және диаспора мәселесі

Сей Мау 9 , 2020
Оқылды: 1  807 Редакциядан: Біз материалды жариялай отырып, автордың жеке көзқарасы екенін ескертеміз! Президентіміз Қ.Тоқаев «Қомсомольская правда» газетіне берген жауаптарында: – Қазақстанда «диаспора» түсінігі жоқ, барлық азаматтар, оның ішінде орыс азаматтары да қоғамның толық мүшелері, мемлекетіміздің жан-жақты күшеюіне өзінің үлестерін қосуда,- деді. Айтқаны шындық. Бұл жерде Ресей журналисттерінің астарлы мағынамен қойылған […]