Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисі қосылды

Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылды.  Яғни, банктің клиенті Halyk Homebank қосымшасындағы Ashyq сервисін қолдана ма, әлде жоқ па өз еркінде. Қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада пайда болады.

“Ashyq сервисі енді Halyk Homebank қосымшасында – бұл біздің танымал қосымшамызды қолданатын 6,5 миллионнан астам ел азаматы денсаулығына қауіп төндірмей қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін алды деген сөз. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Мемлекеттік органдармен осындай бірлесе атқарған жұмыс және Halyk Bank-те жүзеге асатын технологиялардың арқасында біздің клиенттеріміздің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп отырады. Halyk Homebank қосымшасын және оған біріктірілген Ashyq сервисін пайдалана отырып, қазақстандықтар сүйікті орындарына кедергісіз бара алады”, – дейді Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

“Біз пандемия кезінде бизнеске көбірек мүмкіндік беру және халық арасында жұқтыру қаупінің төмендеуіне ықпал етуге деген ниетімізді Halyk Bank басшылығы қолдады. Енді Ashyq сервисін Halyk Homebank қосымшасында қолдануға болады. Банктің бизнесті қолдау туралы біздің ұсынысымызды қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді! Ірі коммерциялық құрылымдармен ынтымақтастық мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті инновациялар және аэроғарыш қызметі цифрландыру министрі Бағдат Мусин.

Halyk Bank өз клиенттері үшін арнайы Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігін енгізді. Сервисті іске қосу немесе оны қосымшада өшіру – банк клиентінің өз еркінде. Егер клиент Ashyq сервисін қолданамын деп шешім қабылдаса, онда қажетті мекемеге барып, Halyk Homebank қосымшасын ашыңыз, функционалды қосыңыз және мекеменің кіре берісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. Нысанғ акіруге рұқсат беретін тиісті мәртебе көрсетілгеннен кейін мекеме қызметкеріне кіруге рұқсат мәртебеңізді көрсету қажет.

Halyk Homebank қосымшасы арқылы QR сәйкестендіруді қажет етпей-ақ кез келген уақытта өз мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасына кіріп, басты беттегі Ashyq бөлімін таңдау қажет. Қоғамдық орындарға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін мәртебе смартфон экранында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қосымшада берілген мәртебенің 4 деңгейі бар:

Қауіпсіз – ешқандай шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс

Бейтарап – шектеулер тек ПТР сынағы қажет ететін жерлерде ғана

Байланыс – объектілерге баруды ішінара шектеу

Жұқтырған – қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР сынағы – оң.

Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасын жаңартыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

 ТМД елдері қарулы күштері арасында әскери ынтымақтастықты дамыту талқыланы

Сәр Мау 9 , 2021
Оқылды: 1  184 Қорғаныс министрінің бірінші орындасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес көпжақты әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қатысушылар әлемдегі әскери-саяси ахуал мен оның Достастық елдеріне әсерін талдап, […]