Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі- шағын футбол чемпионы

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі – БАҚ арасындағы шағын футбол чемпионы.  
Қорғаныс ведомствосының Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы футзалдан БАҚ арасындағы VIII чемпионаттың (BAQ League) жеңімпазы атанды.

Кезекті чемпионатқа еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жетекші 15 команда қатысты. Турнир қазан мен ақпанға дейін бір айналымда өтті.
Қазіргі біріншілікте «Хабар» телеарнасы мен қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі арасындағы чемпионат атану жолындағы табанды күрес соңғы турға дейін жалғасты. Ақтық ойын күнінде дәл осы командалар алаңда кездесті.
Соңғы кезеңнің алдында әскери журналистер «Хабар» телеарнасынан екі ұпай озып, олар тең ойнаса да болар еді. Осыған қарамастан, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің командасы кездесудің алғашқы минуттарынан бастап, артықшылыққа ие болды. Команда бұл қорытынды есепте – 8:4 ұпаймен басым түсті.

 
Екінші орын «Хабар» телеарнасына бұйырды. «Қола жүлдесі» «Qazaq radiolary» ұжымының еншісінде.
Жеңімпаздардың капитаны Ғани Нүсіпов, команда бұл жеңісті еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ел егемендігінің қалтықсыз күзетіндегі әскерімізге арнайтынын айтты. 
BAQ League чемпионаты сегізінші рет өтті. Алдыңғы жеті турнирде «Хабар» телеарнасының командасы жеңіске жеткен болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТРАКТТАРЫНЫҢ МӘНІ

Сей Нау 9 , 2021
Оқылды: 1  399 Жеке трактаттардың мазмұны көрсеткендей, Фарабиді әр түрлі ғылымдардың теориялық жағы, олардың философиялық мәні қызықтырды. Белгілі бір ғылыми пәннің жекелеген нақты ғылымдарын қарастыра отырып, оларға эмпирик ретінде емес, теоретик, философ ретінде қарады. Фараби өзінің грек философиясының ой-пікірін насихаттау жөніндегі қызметін екі жолмен жүзеге асырды: біріншіден, ол ежелгі грек ойшылдары […]