Әскери қыздар, қазақ халқының қолөнері, құрақ тігу өнерін жандандырды. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейтін осы көне іспен Қарағанды гарнизоны Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің қыздары айналысуды қолға алған. Қазақ халқының қол өнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Тәрбиелік мәні бар мұндай мұраны насихаттау […]

Қызмет бабымен Приозерск гарнизонына ат басын тіреген ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев саптық алаңда бой түзеген жеке құрамға өзін таныстырып шықты. Приозерск гарнизонындағы орналасқан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерін аралап, әскери техникалар мен қару-жарақтарды тексеріп шықты. Сонымен қатар, сарбаздардың күнделікті […]

44803 әскери бөлімінің жеке құрамы астана күнінің құрметіне әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды. Іс-шарада сарбаздар ел мақтанышы – астананың құрметіне өлеңдер оқыды. Танымал туындылар қатарында «Астана» әнінің шығу тарихы баяндалды. Бүгінгі кештен ерекше әсер алған сарбаздар, өз […]

Қарағанды қаласындағы механикаландырылған бригаданың жеке құрамы ұлттық домбыра күнін атап өтті. Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мұра. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Елбасы мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұлттық «Домбыра» күнін белгіледі. Шараны ұйымдастырушылар қоңыр үні мен қазақи болмысына сай, ұлттық брендті жастардың ой ұшқырлығын […]

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың 60-тан астам сарбазы жақын күндері отбасына оралады. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірден келген жастар. Іс-шара барысында сарбаздар үшін әскери бөлімнің қызметкерлері қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал атқарған сарбаздар марапат пен естелік сыйлықтарға ие болды. Әскер […]

Еліміздің мемлекет болып қалыптасуына экономика зор үлес қосатыны анық. Алайда биік ағаштың діңгегін құрт жегендей, дамуымыздағы тағы бір кедергілердің бірі- сыбайлас жемқорлық. Ол тек жүйені ғана емес білдей бір халықты жоюшы фактор. Егер бұл кесапат мемлекет қорғанысын жайласа, келер қауіптің қандай болары айтпасақ та белгілі. Сыбайлас жемқорлықпен жүргізілер күресте ел […]

Қарағанды гарнизоны әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы айлық іс-шараларды ұйымдастырып, қосымша дәрістер өткізді.    Техникалық тексерудің негізгі міндеті – жол қозғалысына қатысты әскери көлік құралдарының жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау. Автокөліктерді техникалық тексеру барысында, негізгі өлшемдерге айрықша мән берілді. Атап айтқанда […]

«Жауынгер» әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды Қарағанды гарнизонында дәстүрлі әскери-патриоттық әндер  байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шара 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, сонымен қатар, әскери мамандықтар беделін насихаттау, әскери қызметкерлердің шығармашылық қырынан таныту. Байқау бірнеше жылдар бойы әскери-патриоттық әндердің орындаушылары […]

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу болып табылады. – Болашақ дәл бүгінен басталады. Ал, төл тарихымызды […]

Қарағанды ​​гарнизонында сарбаздар арасындағы, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған «Әскери антқа адал бол» әскери тәртібі мен заңдылықты нығайту онкүндігі аяқталды. Гарнизонның барлық әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке құрамды жасырын сұрастыру арқылы әлеуметтік сауалнамалар енгізе отырып, профилактикалық әңгімелер мен сабақтар жүргізілді. – […]