Ел іші – өнер кеніші

Әскери қыздар, қазақ халқының қолөнері, құрақ тігу өнерін жандандырды. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейтін осы көне іспен Қарағанды гарнизоны Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің қыздары айналысуды қолға алған. Қазақ халқының қол өнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.

Тәрбиелік мәні бар мұндай мұраны насихаттау – бізге ұнайды деп ағынан жарылды әскери сала мамандары. ҚР ҚМ Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің үш қызметкері қолдары босай қалған жағдайда, демалыс күндері, жұмыстан кейін Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейіне баруды әдетке айналдырған.
Музейден құрақ тігу ісі бойынша шеберлік сыныбына қатысып жүрген қыздардың бүгінгі іс-әрекеті шынымен көз сүйсіндіреді. Қазақ халқында тәрбиелік мәні бар халықтық мұралары аз емес. Осы арқылы еліміздің өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу – шебер Қымбат Хасенқызының арманы.
Өздері ізденіп келіп, білуге құштарлық танытқан арулардың оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын сезген маман, қазақ құрақ өнерін тегін үйретуді қолға алған. «Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін бұл өнерді тігуде, оңай шаруа емес«,-дейді әскери қыздар.
Біз Қарағанды облыстық Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің қызметкерлері бос уақытымызды тиімді өткізуге тырысамыз. Бізге қолдау танытып, өткенімізді жаңғыртуға құрақ көрпе тігуге үйреткен облыстық тарихи өлкетану музейіне алғысымызды білдіреміз. Қымбат Хасенқызы тігін үйірмесін тегін әрі қызықты қылдырып өткізеді, – дейді кіші сержант Мейіргүл Тәубебаева.


Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер – бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра, деген музей қызметкері қыздардың ынта-жігеріне өз ризашылығын білдірді.
–        «Шебердің қолы алтын» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып, отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Сондықтан «Жұлдыз-құрақ» қолөнер үйірмесін аштық, – дейді Қарағанды облыстық тархи өлкетану музейінің суретші-безендірушісі Қымбат Хасенқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Мемлекеттік тіл –менің тілім!» байқауы өтті

Дүй Шіл 19 , 2021
Оқылды: 818 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі базасында  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау – конкурсының екінші кезеңі  өткізілді. Жылда дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – Ұлттық Ұлан сапында, ел мүддесі жолында қызмет етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ […]