«Жауынгер» әскери-патриоттық әндер байқауы

«Жауынгер» әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды
Қарағанды гарнизонында дәстүрлі әскери-патриоттық әндер  байқауы өз мәресіне жетті.


Іс-шара 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, сонымен қатар, әскери мамандықтар беделін насихаттау, әскери қызметкерлердің шығармашылық қырынан таныту.
Байқау бірнеше жылдар бойы әскери-патриоттық әндердің орындаушылары мен тыңдаушыларын бір арнаға жинап, өз тыңдармандарын тапқан. Дегенмен, карантин шектеулеріне байланысты биылғы сайыс онлайн форматында өткізілді. Іс-шара аясында шығармашылық ұжымдар мен қатысушылар әскери тақырыптағы өздерінің үздік әндерін орындады.
Әділ қазылар шешімі бойынша бас жүлдеге – Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» Әскери техникалық мектебінің 1-курс  курсанты Диас Сәдуақасов ие болды. 1 орын Азамат Тұрдықұлға бұйырса, екінші орынды   Қарағанды облысының, Қазыбек би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кіші сержанты Манзура Аханова иеленді. Өз кезегінде 3 орынға Олжас Сұрағанов лайықты деп танылды. Жеңімпаздар өз кезегінде арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– мен өнерге бала кезімнен қызығушылық танытудамын. Ән айтумен 8-жасымнан айналысып, бес жыл қатарынан домбырадан дәріс алдым. Қазіргі уақытта әскери техникалық мектепте білім аламын. Әскери қызметші болу менің бала күнгі арманым, – деді жеңімпаз Диас Сәдуақасов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери көліктер техникалық тексерістен өтті

Жұм Мам 14 , 2021
Оқылды: 1  069 Қарағанды гарнизоны әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы айлық іс-шараларды ұйымдастырып, қосымша дәрістер өткізді.    Техникалық тексерудің негізгі міндеті – жол қозғалысына қатысты әскери көлік құралдарының жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау. Автокөліктерді техникалық тексеру барысында, негізгі өлшемдерге айрықша мән берілді. […]