Қолбасшы сапары

Қызмет бабымен Приозерск гарнизонына ат басын тіреген ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев саптық алаңда бой түзеген жеке құрамға өзін таныстырып шықты.

Приозерск гарнизонындағы орналасқан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерін аралап, әскери техникалар мен қару-жарақтарды тексеріп шықты. Сонымен қатар, сарбаздардың күнделікті әскери өмірдегі тыныс-тіршілігімен танысып, бас қосқан ортада ой бөлісті. Лауазымды тұлға полковник Шайх-Хасан Жазықбаев сарбаздарға бейбіт күнде де, Отан алдындағы борышын өтеу жолында да адал болу керектігін жеткізді.
Антқа адал болған сарбаз келешек өмірде де жақсы азамат болып қалыптасатынына сенімдімін. Біз, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға әрқашан да дайын болу керекпіз, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев.


Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінде болған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев бағынысындағы әскери бөлімдердің командирлеріне бірқатар тапсырмалар беріп, дәл қазіргі короновирус инфекциясына қарсы эпидемиологиялық ахуалға байланысты кез келген туындаған мәселелерді шешуге дайын болу керектігін қадап айтты.

Тілек Кенжебеков
ҚР ҚК азаматтық персоналы.
Суретті түсірген: Думан Құрманғалиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ел іші – өнер кеніші

Жұм Шіл 16 , 2021
Оқылды: 270 Әскери қыздар, қазақ халқының қолөнері, құрақ тігу өнерін жандандырды. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейтін осы көне іспен Қарағанды гарнизоны Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің қыздары айналысуды қолға алған. Қазақ халқының қол өнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Тәрбиелік мәні бар мұндай […]