Домбыра – халқымыздың асыл мұрасы

Қарағанды қаласындағы механикаландырылған бригаданың жеке құрамы ұлттық домбыра күнін атап өтті.
Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мұра. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Елбасы мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұлттық «Домбыра» күнін белгіледі.


Шараны ұйымдастырушылар қоңыр үні мен қазақи болмысына сай, ұлттық брендті жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан дәстүр болған аспапты дамытудағы ықпалы зор екенін атап өтті.
–      Бүгінде сан ғасырдың сырын күмбірімен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтау күні жоғары деңгейде аталып өтті. Домбыраның үні, дала сарынынын, көшпелі халықтың шежіресін шерткен көне аспап – қазақтың қасиетті аспабы ғана емес, талай кезеңдердің тарихи куәгері. Қара домбыра Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет заманынан бері қарай қазақ халқының тек шығармашылығында ғана емес, күнделікті өмірде де ерекше маңызға ие болған, – деді  механикаландырылған бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Әзілхан Рыспаев.


Танымдық кешке домбырашыларымен қонақ ретінде келген Орталық Қазақстан Академиясының өкілі Әйгерім Алмасқызы атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналған домбыра жайлы арнайы тоқталып өтті. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің шыңы – домбырадан төгілген күйлер екенін айтып, бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, жетілетініне толығырақ тоқталды.
Әр қазақтың төрінде әрдайым домбыра ілулі тұратындығы көпке белгілі. Шарада домбырашылар нақышына келтіре күй орындап, ән шырқады. Домбыраны жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында мұндай шаралар әлі де жалғасатындығы айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскерилер астана күнінде

Бей Шіл 8 , 2021
Оқылды: 491 44803 әскери бөлімінің жеке құрамы астана күнінің құрметіне әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Әскери қызметшілер мен сарбаздардың қатысуымен өткен жиында еліміздің тарих беттеріндегі оқиғалар бойынша мағлұматтар айтылды. Іс-шарада сарбаздар ел мақтанышы – астананың құрметіне өлеңдер оқыды. Танымал туындылар қатарында «Астана» әнінің шығу тарихы баяндалды. Бүгінгі кештен ерекше әсер алған […]