Дана халқымыздың айтқанындай: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын….» – демекші, табиғатынан бойына сіңген, сиқырлы да сырлы өнер иесі, суретші Руслан есімді сарбаз бұл күнде, өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын егеменді еліміздің айбынды армиясының сапында адал атқарып жүр. Туғанынан бойына сіңген асқан талант иесі, қатардағы жауынгер Кеңес Руслан әскер қатарына биылғы […]

Міндет! Абырой! Ерлік!  «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде. Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен қысқы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарымен басталған […]

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінен құралған Нүркен Әбдіров атындағы № 58 мектептің оқушылары Саран қаласындағы 44803  әскери бөлімінде өткен «Ашық есік күніне» қатысты.  Жас сарбаздар әскери бөлімнің күнделікті қызметімен танысып, қару-жарақтар мен жауынгерлік техникаларды тамашалады. Әскери қызметшілер оқушыларға қазіргі заманғы атыс қаруларының мүмкіндіктерін, байланыс құралдарының техникалық сипаттамаларын түсіндірді. Сонымен бірге балалар […]

Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында нұсқаулық әдістемелік сабақ бойынша жаттығу жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында механикаландырылған бригада жеке құрамының ептілігі мен жауынгерлік қабілеті сыналды. Жеке құрам жаттығуларды барынша пысықтап, ауа-райына қарамастан жоспарлы дайындықты сәтті жүзеге асырды. Қысқы кезеңде әскери құрамның мықтылығын анықтаған жоспарлы дайындық, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. БМП-2 […]

Қарағанды гарнизонында әскери полиция басқармасының қызметкерлері әскери бөлімдердің автоәуесқойлар қоғамының төрағаларымен конференция өткізді. Жол-көлік оқиғаларын алдын-алу іс шарасы «Астана» өңірлік қолбасшылығының мәжіліс залында ұйымдастырылып, жиын барысында биылғы жылдың жол-көлік оқиғалары да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, конференция барысында әскери бөлімдердің автокөлік жүргізушілері қоғамының жұмысын жақсарту мәселелері қарастырылып, 2021 жылы автоәуесқой жүргізушілер […]

Сын сағатта ел ішіндегі қауіпсіздікті қорғау үшін, әр қаланың кіре берісіндегі күре тас жолдарға блок бекеттер қойылып, қорғаныс күшейтілген. Қарағанды гарнизонына қарасты сегіз жолға да блок бекеттер қойылып, Қарул Күштердің әскери қызметшілері, ТЖД мен ІІД қызметкерлері маңызды миссияны атқару үшін қызметтеріне атқаруда. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен […]

Қарағандылық жас жеткіншектер «Жас сарбаз» қатарына қабылданды. ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласына қарасты Ю.Н.Павлов атындағы мектептің 37-оқушысы «Жас сарбаз» ұйымының қатарына қабылданып, ресми құжатқа қол жеткізді. Бүгін «Жас сарбаз» сыныптарына жаңадан қабылданған оқушылар оқуда үздік, антына адал, жауапты және тәртіпті болуға, ең бастысы «Жас сарбаз» атағын және сүйікті […]

Қарағанды гарнизоны оқушыларға ерлік сабағын өткізді. Қарағанды гарнизоны мектеп оқушыларымен «Ұлы дала әскері – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында ерлік сабақтарын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке баулу, елін-жерін сүюге тәрбиелеу. Осы орайда № 95 мектеп-гимназиясы мен № 46 орта мектеп оқушыларына ерлік сабақтарын өткізуге Таулы Қарабақта жауынгерлік іс-қимыл ұрыстарын […]

Бүгінгі қоғамда нашақорлыққа жол жоқ. Дәл осындай мақсатты көздеген Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері сержант сағатын ұйымдастырды. «Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында өткен отырысқажиналғандарға нашақорлықтың зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы айтылды. Бүгінгі сержанттық сағаттың жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Отырыс барысында одан сақтанудың жолдарын қарастыруға бағыттайтын бейнефильм көрсетілді.Кездесу […]

Қарағанды гарнизонының механикаландырылған бригадасы техниканың қыс мезгілге әзірлігін пысықтауда. Осы мақсатта Қарағанды өңіріәскери көліктердің қысқы кезеңге дайындығын бақылау жұмыстарын өткізді. Әскери техникаларды қысқы кезеңге тексеру жұмыстары барысында автокөлік иелерінің құжаттары, қысқы резинаның, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіштердің және аварияны тоқтату белгілерінің болуы мен оның жай-күйі басты назарға алынады. Механикаландырылған бригаданың көлік […]