Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеруі жүргізілуде. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тартылған.  Ел әскеріндегі жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау осы айдың басында бастау алған. Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен басқару бөлімшелерінің […]

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеру жұмыстары бастау алды. Бұл кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың мамандарыда жұмылдырылған. Азат елдің айбынын көрсетіп, тәуелсіздігін баянды етуге жұдырықтай жұмылған ел әскерлерінің жауынгерлік дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау […]

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы  Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру  іс-шаралары басталады. Президенттің тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы Күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта өту қажет. Қолданыстағы заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды […]

«Жас сарбаз» қозғалысының қатары ресми түрде толықты. Қарағанды қаласындағы Ю.Н.Павлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Жас сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілді. Комиссия құрамында ұстаздар қауымы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері болды.   «Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл […]

Қарағанды өңірлік гарнизонында Әскери полиция басқармасында механикаландырылған бригаданың жеке құрамымен жиын өткізілді. Негізгі мақсат – қоғам дертіне саналған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу. Сыбайлас жемқорлықты бір күнде жою мүмкін емес. Алайда еліміздің әрбір азаматы жұмыла күресу арқылы, нәтиже шығаруға болады. Осы себепті де, әділет подполковнигі Жанайдар Қайдарұлы мемлекеттік қызметте, әскери салада қатаң […]

Биыл, барша қазақстандықтар көпшілік болып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетіндігіміз баршаға аян. Осы жылдарда егеменді еліміздің айбынды армиясының әлеуеті артқандығы анық. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігін баянды ету мен Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген әскери қызметшілердің есімдерін ерекше атауға болады. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы […]

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың жеке құрамы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес оқ ату жаттығуларын өткізді. Жаттығу алдында сарбаздарға атудан нұсқаулық жүргізіліп, кейін іс жүзінде орындалды.   Жеке құрам таңертең  «Спасск» оқу-жаттығу полигонына келіп, жаттығу жұмыстарын бастады. Атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырылып, нұсқаулық алған жеке құрам ұрыс техникасының көмегі арқылы көздеген нысандарын […]

Қарағанды гарнизонына қарасты 44803 әскери бөлімінің 80-ге жуық сарбазы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды. Жақын күндері отбасына оралатын жастардың көңіл-күйлері де ерекше.   Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімде мерзімді қызметте әскери міндетін өткерген сарбаздар үшін әскери бөлімнің жеке құрамы қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал […]

Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының батыры Юрий Николаевич Павлов атындағы жалпы білім беретін мектептің, «Жас Сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілді.   Комиссия құрамында ұстаздар қауымы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері болды. «Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл алғашқы талаптардың […]

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі базасында  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау – конкурсының екінші кезеңі  өткізілді. Жылда дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – Ұлттық Ұлан сапында, ел мүддесі жолында қызмет етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін жіті […]