Жеткіншектер «Жас сарбаз» атанды

Қарағандылық жас жеткіншектер «Жас сарбаз» қатарына қабылданды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласына қарасты Ю.Н.Павлов атындағы мектептің 37-оқушысы «Жас сарбаз» ұйымының қатарына қабылданып, ресми құжатқа қол жеткізді.

Бүгін «Жас сарбаз» сыныптарына жаңадан қабылданған оқушылар оқуда үздік, антына адал, жауапты және тәртіпті болуға, ең бастысы «Жас сарбаз» атағын және сүйікті мектебінің абыройын қадірлеуге салтанатты түрде ант берді. Осы айтулы күні, салтанатты шараға Қарағанды гарнизоны Астана Өңірлік Қолбасшылығының атынан шақырылған қонақтар мен ата-аналар қауымы, әскери қызметкерлер «Жас сарбаздарды» айтулы күндерімен құттықтады.

«Құрметті, Ю.Н.Павлов атындағы мектептің жас патриоттары, сіздер Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас сарбаз» ұйымының қатарына қосылып отырсыздар. Елбасы өз сөзінде, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу үшін «Жас сарбаз» ұйымын құруды тапсырды. Осы қысқа уақыт ішінде көптеген оқушылар «жас сарбаз» қатарынан табылды. Сондай ақ олар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Тұңғыш Президентіміздің қолдауы мен тапсырмасы аясында «жас сарбаз» ұйымының мүшелері қайырымдылық акцияларына белсенді түрде қатысып, өзге оқушыларға үлгі көрсетіп келеді,» – деп атап өтті, өз сөзінде оқушылар мен ата-аналарды және мектеп ұжымын құттықтауға келген, «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Мұрат Агубаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қарулы Күштері «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубы Ю.Н.Павлов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Жас сарбаз» сыныптарының базасында орналасқан. Аталмыш мектептің мұғалімдері жас патриоттарды жасөспірім шақтан бастап Отансүйгіштікке, туған елге, халқына адал қызмет атқаруға, қоршаған ортаны қорғауға баулып келетіндігін жеткізді. Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіп келеді. Әскери тәртіпке қадам басқан жасампаз елдің, қайсар ұл-қыздарына биіктерге самғап, жоғарғы жетістіктерден көрінулеріне тілектер айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қаржылық журналистика байқауы

Сәр Жел 22 , 2021
Оқылды: 934 2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Қордың 7 жылдығы мен отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Биылғы жылдың ерекшелігі: мәңгілік мекенге ерте аттанған әріптес аға әпкелеріміздің атындағы арнайы сыйлықтардың тағайындалуы. Қазақ журналистикасының дамуына орасан зор үлес қосқан журналистер […]