Жастарды есірткі мен жат әдеттерден сақтандырудың маңызы

Әскер қатарында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын алу — бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі. Әсіресе, жастар арасында түрлі жағымсыз әдеттердің таралуы, әсіресе нашақорлықтың кең етек алуы әскердегі тәртіпке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен әскери қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде өткен кездесуде, есірткіге қарсы және басқа да зиянды әдеттерге қарсы күреске бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараға Орталық аймағының әскери прокуратура қызметкерлері мен әскери мектеп басшылығы белсене қатысып, тәрбиеленушілер мен әскери қызметшілерге терең түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты — жастарды есірткі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қауіпті мәселелерден сақтандыру, олардың құқықтық мәдениетін арттыру.

– Жастар арасында есірткі заттарының зиянды тұстары көп, әскери ортада қылмыс пен құқық бұзушылықтың орын алуының алдын алу маңызды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерден тарайтын сүзгіден өтпеген ақпараттардың өскелең ұрпаққа үлкен қауіп төндіретіні жасырын емес, деді – шараны ашқан Орталық аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі – Данияр Бекдаирович Джумадилов.

  Әскери прокуратураның прокуроры әділет лейтенанты, Әсем Аңсаровна Қожабекова, жастарды отансүйгіштік, еңбекке құрмет, адамгершілік қасиеттерін дамытуға шақырды. Оның айтуынша, әсіресе әлеуметтік желілерде тарап жатқан теріс ақпараттар мен жағымсыз үлгілер жастардың қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, олардың зиянды әсерлерінен сақтандыру — өте өзекті мәселе. Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы, подполковник Жанат Тоқтарбекұлы Бағжанов, мектептің тәрбиеленушілеріне есірткіге қарсы дәрістер мен тренингтер өткізу арқылы олардың денсаулығы мен болашағын қорғау міндетін атап өтті. Бұл шаралар «Есірткінің адам ағзасына зияны», «Нашақорлық — қоғамдық дерт», «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама» тақырыптарында өтті. Мектеп оқушылары осы арқылы нашақорлықтың қоғам үшін қандай қауіпті құбылыс екенін және оның адам өміріне әсерін терең түсінді. Кездесуде көрсетілген «закладка» атты деректі фильм жастарды есірткі сатудың және қолданудың зиянды әсерлерімен таныстырды. Тәрбие алған жасөспірімдер, әсіресе, Тұрсынбек Айберген, есірткінің зиянды жақтарын көрсеткен фильмнен алған әсерін бөлісіп, өз өмірін есірткіге арнаған адамдарды кінәлады. Ол спортпен шұғылданып, уақытты тиімді пайдалану арқылы нашақорлықтан аулақ болуға шақырды. Жиынның соңында ұйымдастырушылар әскери тәртіптің маңызы туралы сөз қозғап, әскери қызметшілердің өз борышын адал орындап, Отанын қорғаудағы жауапкершілігін еске салды. Әскери тәртіп — әрбір жауынгердің өз халқына деген адалдығы мен отансүйгіштігіне негізделеді, бұл кез келген әскери бөлімде тәртіп пен жауапкершілікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл шаралар тек құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сондай-ақ жастардың дұрыс жолды таңдауы үшін маңызды тәрбие құралы болып табылады. Оларға есірткі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аулақ болу, өз болашағын спорт пен білімге арнау қажеттілігі туралы терең түсінік берілді. Осылайша, жастарға арналған профилактикалық іс-шаралар тек қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін ғана емес, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қадамдар болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Инклюзивті білім берудегі қолдау жүйесі.

Дүй Қар 25 , 2024
Оқылды: 71  Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде инклюзивті білім беру алғаш рет 2014-2015 оқу жылында енгізілген болатын. Содан бері ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 8 оқушыдан 50 оқушыға дейін өсті. Ерекше қажеттіліктері бар балалар – бұл білім алуында белгілі бір қиындықтарға тап болған балалар. Әр баланың өзіндік ерекшелігі мен әлемі […]