Жас сарбаз» қозғалысының қатары толықты

Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының батыры Юрий Николаевич Павлов атындағы жалпы білім беретін мектептің, «Жас Сарбаз» сыныбының қатарына оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізілді.

 
Комиссия құрамында ұстаздар қауымы мен «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері болды.
«Жас сарбаз» сыныбына қабылданатын әр оқушының оқу үлгерімі мен денсаулық жағдайы жақсы болуы керек, бұл алғашқы талаптардың бірі, әрі бірегейі. Бұдан бөлек, әскери-патриоттық қозғалыстың мүшесі атану үшін, ата-аналарының рұқсаттамасы керек. Нәтижесінде өз үлгерімдерін дәлелдеп 5 сыныпқа – 14 оқушы, 6 сыныпқа – 9 оқушы қабылданған. Қатарға қабылдану үшін оқушылар арнайы кезеңдерден өтуі керек. Мәселен, нормативтік тапсырмаларды тапсыру, яғни жүгіру, орнынан секіруді орындау. Сонымен қатар, оқушылармен комиссия мүшелері арасында сұрақ-жауап өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты  отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгін мектептің оқушылары, «Жас сарбаз» сыныбына қабылдану үшін іріктеуден өтіп жатыр. Мұндай бастамаға қолдау танытқан «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Болашақта елін қорғау, абыройлы маман атану оқушылардың негізгі арманы, осы арқылы олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал жасайтын бірден – бір іс-шара деп бүгінгі жиынды айта аламыз, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтыншаш Айткулова. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Автокөліктен шықпай-ақ жанармай құй

Сей Шіл 27 , 2021
Оқылды: 972 Halyk Bank Қазақстанда алғаш рет Halyk Homebank қосымшасында қашықтан жанармай құю қызметін іске қосты. Атаулы қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Талғар және Қапшағай қалаларында Сompass ЖҚБ-нің 14 филиалы арқылы жүзеге асты. Енді Compass жанармай құю бекетіне жеткенде, көліктің салонынан шығып, кассада төлем жасау үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. […]