Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогы үшін Қарағанды қаласының әскери қызметшілері арасында волейболдан турнир өтті.

Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің 100-ге жуық әскери қызметкері қатысқан жарысқа 10 команда шақырту алған.
« -Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесін атап өту аясында әскери қызметкерлер арасында спорттық жарыстар өткізілсе, биыл командалық спорттың ең қызықты түрлерінің бірі – волейболдан турнир өтті. Спорттық турнирлерді өткізу ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі, ортақ мақсаттарға жету үшін мотивацияны күшейтеді, қызметкерлердің жеке тиімділігін арттырады. Спортпен шұғылданып, волейбол ойнау арқылы достық қарым-қатынасты орнатуға, бірлік пен татулыққа жетуге болады», – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, майор Бауыржан Пернебаев.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші командалық орынды 46298 әскери бөлім қызметкерлері иеленді, құрметті екінші орынға 50185 әскери бөлімінің құрама командасына бұйырды. 36352 әскери бөлім командасы лайықты түрде турнир чемпиондары атанып және кубокқа ие болды.
Турнирдің нәтижесі табанды күреске ұласып, жеңіске жету үшін талпынған командалардың еңбектері еленіп, жақсы ойын өрнегі көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанды қорғау – ұлы міндет

Сей Жел 26 , 2023
Оқылды: 321 «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 100-ге жуық сарбаз бабаларымыздан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді. Спасск оқу-жаттығу полигонына қарасты 36352 әскери бөлімінде Астана мен Тараз қаласынан келген 90 – сарбаз […]