Әскери зейнеткерлердің әлеуеті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары, ауған соғысының ардагері, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дюсекеевтің басқаруымен Приозерск гарнизонының әскери зейнеткерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Алқалы бас қосуға аталған гарнизонға қарасты әскери бөлімдері мен әскери мекемелерінде еңбек етіп жүрген әскери зейнеткерлер тартылды. Басты мақсат – әскери зейнеткерлерді көптен бері толғантып жүрген түйткілді мәселелердің шешімін табу болатын.

    Алдымен, көпшілік алдында сөз алған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің зейнетақымен қамтамасыз ету орталығының (құқықтық жұмыстары бойынша) офицері аға лейтенант Дархан Маратұлы Рысмағанбетов зейнетақы мәселесі турасындағы сауалдарға жауап іздесе, келесі кезектегі мінберге көтерілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери медициналық басқармасының бағытындағы аға офицері медицина қызметінің полковнигі Сәулет Мукарапұлы Калдашов денсаулығына байланысты әскери зейнеткерлердің әскери медициналық орындарында ем қабылдау жолдарының бетін ашып берді. Ал, әскери зейнеткерлердің тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі туындаған сұрақтарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери инфрастуктуралық Бас басқармасының офицері капитан Бақыт Миржанұлы Мамиев жауап берді.

    Кездесу барысында әскери зейнеткерлер қатарынан запастағы әділет подполковнигі Булат Шатыбеков, запастағы кіші сержант Алма Қойлыбаева және «21-ші жол жөндеу» Республикалық мемлекеттік мекемесіндегі кадр бөлімінің бастығы Рәзия Қарсыбекова өздерінің қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап ала алды.

     Келелі бас қосуға Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Үмітәлі Серікұлы Бектаев, Қарағанды облысының Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Жаңбырбайұлы Бейсекеев, Приозерск қаласының  Жастар ресурстық орталығының мониторинг және бағалау маманы Сымбат Қуанышбекқызы Айтбай, сонымен қатар ауған соғысының ардагері Полат Қанатұлы Турлибаев  қатысты.

Думан Жұмашұлы лейтенант

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Атыс оқу-жаттығу алаңында

Жұм Сәу 7 , 2023
Оқылды: 481 Қазақстан Республикасына Қызмет етемін! 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспарлы бақылау бойынша атыс дайындығын тапсырды.    Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.     Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ […]