Әскери техниканың қысқы кезеңге дайындығы

Қарағанды гарнизонының механикаландырылған бригадасы техниканың қыс мезгілге әзірлігін пысықтауда. Осы мақсатта Қарағанды өңіріәскери көліктердің қысқы кезеңге дайындығын бақылау жұмыстарын өткізді.

Әскери техникаларды қысқы кезеңге тексеру жұмыстары барысында автокөлік иелерінің құжаттары, қысқы резинаның, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіштердің және аварияны тоқтату белгілерінің болуы мен оның жай-күйі басты назарға алынады.

Механикаландырылған бригаданың көлік тұрағының мамандары жүргізіліп жатқан жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін болдырмауға, техника бекітілген әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

– Әскери техникаларды, қысқы кезеңге дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жыл сайын жүзеге асырылатын мұндай барлық жауапты іс-шараларды ұйымдастыру және уақтылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар, қысқы кезеңге қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау қажеттілігін ұйымдастыру кезінде, қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылады, – деп атап өтті механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Әзілхан Рысбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Гарнизонда дөңгелек үстел отырысы өтті

Сей Қаз 26 , 2021
Оқылды: 730 Бүгінгі қоғамда нашақорлыққа жол жоқ. Дәл осындай мақсатты көздеген Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері сержант сағатын ұйымдастырды. «Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында өткен отырысқажиналғандарға нашақорлықтың зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы айтылды. Бүгінгі сержанттық сағаттың жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Отырыс барысында одан сақтанудың жолдарын қарастыруға бағыттайтын […]