Әскери ортада қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция қызметінің негізгі бағыттары жоспарының талаптарын орындау мақсатында Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы қазан айында Қарағанды ​​гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық іс-шаралардың негізгі бағыты әскери ортадағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, офицерлер мен әскери қызметкерлердің жұмысқа келмеуін болдырмау болып табылады. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің санасына құқықтық нормаларды қатаң және мүлтіксіз жеткізу болып саналады. Келісім-шарт бойынша, сондай-ақ барлық санаттағы әскери қызметшілердің қызметтік орындарын рұқсатсыз тастап кету заңға қайшы болып есептеледі. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу жұмыстарына ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының психолог-наколог мамандары қатысты. Шара барысында әскери ортада есірткі заттарының заңсыз айналымын алдын-алу бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп, заңнама талаптары жиналғандарға жеткізілді. Алдын алу жұмыстарды жүзеге асыру барысында гарнизондағы әскери қызметшілердің құқықтарын, өмірі мен денсаулығын сақтауға және заң бұзушылықтардың алдын алуды жандандыруға негізделген. Қабылданған шаралар нәтижесінде гарнизондағы жағдай тұрақты, қылмыстық құқық бұзу фактілері болған жоқ. Қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары үнемі Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери басқармасының басты назарында.

Әскер қатарында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, олардың алдын алу — қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай,  әскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жан –жақты түсіндірілді.Полиция қызметкерлері жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіні пайдаланудан бас тартуға шақырады және есірткіні сақтау мен тарату жауапкершілігі туралы ескертеді, – деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркия Республикасы 100 жылдық мерейтойын атап өтеді

Сен Қаз 28 , 2023
Оқылды: 227 Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өту үшін Байланыс дирекциясы Анкара, Стамбұл және Измирде, сондай-ақ, бүкіл аймақтар мен шет елдерде бірқатар арнайы іс-шаралар ұйымдастырады. Осы шара шеңберінде көрмелер мен экспозицияларды мыңдаған азамат тамашалауға мүмкіндік алады. Аталған іс-шаралар Түркияның жетістіктерін әртүрлі цифрлық көрмелер мен заманауи технологияларды пайдаланатын 3D дисплейлері арқылы […]