Шеврон Қазақстанға дәрі-дәрмек жекізеді

Алматы. Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолғап жеткізді.

«Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің  70000 қаптамасы жеткізілді. Олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі.

Сонымен қатар медициналық қорғау құралдары, оның ішінде дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, бетперделер, қолғап және бахилдер сатып алынады. Олардың қолғаптары бар бірінші топтамасы елге жеткізілді.

«Шеврон» корпорациясы әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Компания бүкіл әлемде энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, мұнай өнімдерінің маркетингімен және оларды өткізумен айналысады; мұнай-химиялық заттарды өндіреді және сатады; қуат өндіреді, компания қызметінің барлық салаларындағы тиімділікті арттыру технологияларын әзірлейді және қолданады. «Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Сан Рамон қ., Калифорния штатында орналасқан.

«Шеврон» туралы толығырақ ақпаратты  
www.chevron.com
сайтынан табуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ғалымдарды қаржыландыруда өзгеріс керек

Бей Жел 3 , 2020
Оқылды: 1  349 82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты. «Оның басты себебі – ғалымдардың жалақысының төмендігі. Егер бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де, экономикалық жағдайлар кедергі […]