Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы

Әскери қызмет – кез келген ер жігіттің өмір мектебінен өтетін бір кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі, қорғаныс қабілетін үнемі арттырy мемлекеттік стратегиялық міндеттерінің бірі. Қазақстандық армия кез-келген уақытта Отанды қорғауға дайын болуы керек».

Қарулы күштер ел егемендігі мен тұтастығының сенімді кепілі, халықтыңертеңгі күнге деген бірлігі мен сенімінің тірегі болып табылады». Сондықтан, әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Елімізде 18-27 жас аралығындағы денсауылығы жарамды ел азаматтары міндетті түрде әскерге шақырту алады. Сондай-ақ, шақырту алған әрбір азамат Ата заңға сәйкес Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына қабылданып, елдің тыныштығын күзетуте, адал борышын атқаруға ант береді. 44803 әскери бөлімінің қызметкерлері Саран қалалық мәдениет үйінде 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Мұндағы мақсат – қоғамда әскери қызметті дәріптеу, жоғары әскери оқу орындарына түсу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және сол арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Іс-шараға 44803 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ринат Қабышев, С-300 бөлімшесі командирінің тәрбие жане идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Олжас Исмаилов, қатардағы жауынгерлер Нұршат Ағаділов пен Александр Кузминых, «Ардагерлер кеңесі» Саран қалалық филиалының төрағасы Жұмабике Токушева, Саран қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы Гүлзият Ханафина қатысты. Кездесу барысында әскери қызметкерлер оқушыларға әскери қызметтің артықшылықтары, әскери әлеуметтік пакет және жас мамандарға әуе шабуылына қарсы қорғану әскері қатарына қалай қабылдануға болатыны туралы айтып берді. Кездесу басында сөз алған 44803 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкері, іс-шараны ұйымдастырушы Айгүл Сағындыққызы мектеп бітіруші жастарға мамандық таңдау жөнінде өз ақыл-кеңесін айтып, осы тұрғыда әскери борышын өтеген жастарға қандай жеңілдіктер берілетіні жайында кең көлемде түсіндіріп берді.

Биылдан бастап әскери борышын өтеп келген азамат еліміздің кез келген жоғары оқу орнында грант есебінен тегін оқи алады. Қазірдің өзінде еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына түскен жастарымыз бар. Бұл -жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік және қамқорлық. Сондықтан әскерге баруға ұмтылыңыздар, – деді өз сөзінде 44803 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкері Айгүл Сағындыққызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Кониядағы Чаталхөйүкте заманауи ақпараттық және туризм орталығы ашылды

Сен Қар 25 , 2023
Оқылды: 290 Түркияның орталығында орналасқан Чаталхөйүк, әйгілі неолит дәуіріндегі қазба алаңы келушілерді уақытты артқа шегінуге және ашылуы тарихи түсінікті өзгерткен қалалық елді мекенді ашуға шақырады.  ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра сайты Чаталхөйүк 9000 жылдан асқан қоғам туралы түсінік береді. Артефактілер, балшық кірпіштен салынған үйлер және храмдар деп есептелетін заттар ерте қоныс аударушылардың […]