Өміріңді сақта

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өтті.

Бұл іс-шара Приозерск гарнизонының әскери полициясысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімше бастығы әділет капитаны Н.Мухамед және 06708 әскери бөлімінің басшылығының қатысуымен барлық әскери санаттағы әскери қызметшілердің арасында әр түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбы бойынша өткізілді. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптары мен жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға әкімшілік жазалау туралы талаптары жеткізілді.

Кездесуде әскери полиция өкілдері жеке командирлер мен құқық қорғау қызметтерінің профилактикалық жұмыс туралы есептерін тыңдады және құқық бұзушықтармен қатар әскери нысандардың лаңкестіктен қорғануға қатысты проблемалық мәселелерін қарады.

Іс-шара қорытындысы бойынша әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленіп, мемлекеттік насихат, діни институттармен қарым-қатынас, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Думан Жұмашұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұшқыш – ерекше мамандық, әсіресе ол әскери адам болса

Сәр Қаң 25 , 2023
Оқылды: 390 Подполковник Нұрбол Сапарбаев, Кеңес Одағының Батыры Әскери-әуе базасы қолбасшысының орынбасары Нұркен Әбдіров Қарағанды ​​қаласындағы No95 гимназияның жоғары сынып оқушыларымен тәрбие және идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша кездесу өткізді. «Ұшқыш – бұл ерекше мамандық, әсіресе ол әскери адам болса. Қандай жағдай болмасын, берілген тапсырманы орындауға дайын, рухы биік болуы керек, […]