Мемлекеттік рәміздерді құрметтей аламыз ба

Төртінші маусымда аталып өтетін мемлекеттік рәміздер күніне арналады. Тәуелсіз еліміздің белгілері – Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран.
Біздің елде рәміздер тек мемлекеттің ресми органдарының атрибутикасы ма? Жоқ, Отан түсінігін, ел бүтіндігін білдірер жалпыұлттық символдар ма?

Бейбіт Оспанұлы Күлмағамбет.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылында 1965ж. дүниеге келген.  Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің заң фак. бітірген. ҚарМУ-нің қылмыстық кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. Түркиядағы Докуз Ейлюл университетінің докторанты. «Шығыс тәттілерінің Қарағанды фабрикасы» кондитерлік компаниясының директоры.

Сайтымыздың тұрақты авторы.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Жалпы халық ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтей алып жүрміз бе? Осыған байланысты салыстырып, бір шолу жасап  Түркияға бірге қайтсақ. Алғашқы күндердің бірінде Измир қаласының орталық Қонақ алаңында қыдырып келе жатыр едік, түрік әнұраны ойнай жөнелді. Жанымызда өтіп жатқан түріктер бойын түзеп, тұра қалды. Әнұран біткенше кеудесін керіп, басын тік ұстап, қалшиған бетінше тұрды. Олар тұрған соң, бізде сый көрсетіп, орнымызда қалдық. Бұл олардың әнұрандарына деген жоғары дәрежедегі сый құрметі. Кейін Борнова деген ауданда үй жалдап тұрдым, бала шағаммен. Бір кеште Ұлттық «Хабер» телеарнасынан гректердің әскери ұшақтарының Кипрдың жанындағы түрік аралдарына тым жақын ұшып өткендігі туралы хабарлады. Ертеңінде Университетке баруға үйден шықсақ, жан-жағымыз қызыл туға толып кетіпті. Мектепке бара жатқан баланың сөмкелерінде, көліктерінде, үйдің самалдықтарында(балкон) ай жұлдызды қызыл туларын ілген! Әйеліме: «Қой, есің барда еліңді тап,- деген, бұлар гректермен соғысар кешегі аралдары үшін, елге қайтайық», –деп әзілдедім. Кеше ғана Фенербахче мен Галатасарай футбол тақымдары үшін және әртүрлі саяси партияға бөлініп, қызыл кеңірдек болып таласып жатқан түрік ағайын, еліне қауіп төнгенде бір жұдырық екенін білдірді. Ертең ту алып шығыңдар,- деп үгіттеген ешкім болмады. Өз еріктерімен туларын қолға алды. Өздері алып шықты, себебі Ту халықтікі! Үйлерінде екі үшеуі бар. Бізде болса көк туымыздың мемлекет органдарында ғана болуы, демократиялық емес, бюрократиялық мемлекет екендігіміздің белгісі сияқты. Барлық басқа рәміздер мемлекет иелігінде болса да, Ту алдыменен халыққа тиесілі. Тудың үйімізде, жұмыс орнымызда жоғарыда ілінуі бір қылмыс болудан босатылуы керек. Ту, билікпен халықты байланыстырушы символ, елімізге деген ортақ мақтанышымыз. Кабинеттерде тығып тастаған емес, Азат елдің азат Туы болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Оқулық шығаруда талап күшейтіледі

Сей Мау 9 , 2020
Оқылды: 2  135 Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады 2020 жылдан бастап педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санаттарына өту балдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай өзгерістер жалақының айтарлықтай өсуіне әсер етедеді. Бұлжөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те тікелей эфирде өткен халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды […]