Жыл сайын оқу жылы қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан қалыс қалмай, қатысып келеді.
Дәстүр бойынша әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері көпбалалы отбасылардан құралған әріптестерінің мектеп оқушыларына алдағы оқу жылына кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды сыйға береді. «Астана» Өңірлік қолбасшылығында барлығы 15-тен астам көп балалы әскери қызметшілердің отбасы тіркелген. Оның ішінде 30 мектеп оқушысы сыйлыққа ие болды.
Әскери бөлімдерде көп балалы отбасыларға көмек көрсету тұрақты түрде жүргізілетінін айта кеткен жөн:
–4 және одан да көп балалы отбасылардан бөлек, ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылар да бар. Әрбір іс-шарада біз әскери қызметкерлердің балаларына көңіл бөлуге, мерекелер мен байқаулар ұйымдастыруға, аниматорларды шақыруға тырысамыз. Бұл біздің ұжымды біріктіреді, әскери қызметшілер бір-бірінің отбасын таниды, ал балалар әскерді жақынырақ біледі, – деді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі 31775 әскери бөлімі қызметкері Әйгерім Мұратқызы.