Instagram-дағы үздік бизнес-аккаунттар рейтингі жарияланды

Instagram әлеуметтік желісінде парақшаларын қызықты жүргізетін, оқырмандарға сапалы контент ұсынатын бизнес-аккаунттардың рейтингі жасалды.

Әлеуметтік желі оқырмандарының басым бөлігі – жас әрі әлеуметтік белсенді интернет пайдаланушылар. Жақсы имидж қалыптастыру компанияны дамытудың негізгі құралдарының бірі екені белгілі. Оқырмандарды парақшаларына қызықтыру үшін мамандар түрлі тәсілдерді қолдануда.

Wеproject.media интернет-басылымы SMM саласын жақсы меңгерген 10 үздік қазақстандық компанияны таңдады. Рейтинг нәтижесі бойынша М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Instagram-парақшасы үздіктер қатарында.

Интернет-басылым жариялаған мақалада ЖОО аккаунты басқалардан несімен ерекшеленетіні жазылған: «Университет Instagrаm-парақшасын жай ғана жүргізіп қоймай, студенттерге, болашақ абитуриенттерге ақпаратты ерекше форматта ұсынып, оқу орнының жаңа имиджін қалыптастырды. Парақшасында студенттермен сұхбат, пайдалы кеңестер, күлкілі карточкалар мен оқу орны туралы маңызды ақпараттарды жариялауда».

Атап өтейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығарған рейтинг нәтижесі бойынша КАЗГЮУ Университеті 2020 жылдың үздік жоғары оқу орны атанды. Зерттеу жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүргізілді. Рейтингке ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК мен қорғаныс министрлігіне қарасты университеттерден басқа барлық ЖОО қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери-техникалық мектептің оқушылары әскери дайындықтан өтті

Бей Сәу 15 , 2021
Оқылды: 825 Әскери-техникалық мектептің оқушылары алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Осы мектептің Қарағанды ​​филиалының оқушылары СПГ-9 танкке қарсы граната атқыштан іс жүзінде атып көріп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Түсірілім алдында тыңдаушыларға сабақ өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулар берілді. «Бүгін біз ауыр танкке қарсы граната атқыштың кезекті атушыларының дайындық-жаттығуын аяқтаймыз. Кейіннен бұл […]