Halyk Bank халықаралық байқаудың жеңімпазы болды

Global Finance халықаралық беделді қаржылық басылымы Best SME Bank Awards сыйлығы шеңберінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк” (“Best SME Bank in Kazakhstan 2021″) номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

        Global Finance беделді халықаралық басылымы сарапшыларының зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылғы сәуір және 2021 жылғы наурыз кезеңінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк” (“Best SME Bank in Kazakhstan 2021”) номинациясында жеңімпаз атанды. Global Finance журналы шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін банктердің маңыздылығын атап өту үшін алғаш рет SME Bank Awards сыйлығын өткізді. Жеңімпаздар бойынша барлық мәлімет Global Finance басылымының желтоқсан айындағы санында жарияланады.

“Шағын және орта бизнес кәсіпорындары COVID-19 пандемиясы кезінде ең көп зардап шеккен саланың бірі болды, бұл ретте олар әр елдің экономикасын қалпына келтіру жолында шешуші рөл атқарады”, – деп атап өтті Global Finance журналының баспагері және редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто, – Best SME Bank Awards сыйлығы – бұл фактіні мойындау. Маңызды уақытта шағын және орта кәсіпорындарға барынша қолдау көрсететін және үздік қызмет ұсынып,оларға жағдай жасаған қаржы институттарының жетістіктерін атап өту қажет”.

Былтыр қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін өте қиын кезең болды. Соған қарамастан, экономиканың түрлі секторларындағы пандемиядан зардап шеккен кәсіпорындарды мемлекеттің уақытылы қолдауының арқасында отандық нарықтың және ШОБ субъектілері қызметінің біртіндеп қалпына келуі байқалады.Halyk Bank жүйе құраушы қаржы институты ретінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауда маңызды рөл атқарды, осы уақыт ішінде коронакризис салдарымен күрестің алдыңғы шебінде болды. Мемлекеттік бастамаларды іске асырып қана қоймай, банк қарыз төлемдерін кейінге қалдыруды ұсыну, мөлшерлемелерді қайта құрылымдау, ШОБ клиенттерін өз қаражаты есебінен қаржыландыру арқылы қазақстандық кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдады. Қысқа мерзімде инновациялық қашықтан цифрлық шешімдерді, соның ішінде заңды тұлғаларғаарналған Onlinebank жаңартылған мобильді қосымшаны және қашықтан көрсетілетін ЖК тіркеу және шот ашу қызметтерін, цифрлық кредит беруді және бүгінгі күні біздің клиенттеріміз кәсіпкерлер талап ететін басқа да ыңғайлы әрі пайдалы сервистерді әзірледі және іске қосты. Қаржы әлемінде аса беделді басылымның марапаты – бұл банк жұмысының табысты нәтижелерінің шынайы дәлелі”, – деп атап өтті Банк Басқармасының Төрайымы Үміт ШАЯХМЕТОВА.

SME Bank Awards номинациясы бойынша жеңімпаздыанықтау үшін Global Finance журналының баспагерлері инвестициялық  банктік сектордағы жетекші сарапшылармен бірлесіп, банктердің деректерін және инсайдерлердің, сала басшылары мен техникалық сарапшылардың қатысуымен өткізген тәуелсіз зерттеулерді қоса алғанда, көптеген критерийлердің жиынтығын ескерді. Басылым жеңімпаздарды өз алгоритмін қолдана отырып анықтады, мұнда ең маңыздысы келесі критерийлер болды: нарық пен ШОБ қажеттіліктерін білу, өнім мен қызметтіңассортименті, банктің нарықтық жағдайы және инновациялар.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезеңінде Halyk Bank 4 мыңға жуық ШОБ өкілдері, яғни қарыз алушыларға төлемдікейінге қалдыруды ұсынды. Бұдан басқа, былтырқабылданған кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында Halyk Bank 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 270 млрд теңгеден астам ШОБ-ты қаржыландыруды жүзеге асырды.

2020 жылы Halyk Bank клиенттерге бөлімшеге бармай және қағаз құжаттарды тасымай, 30 минут ішінде кредит алуға мүмкіндік беретін жеке кәсіпкерлерге арналған цифрлық кредит өнімін әзірлеп, іске қосты. Өнім іске қосылған күннен бастап және 2021 жылғы 1 қазандағы жағдайды ескерсек жалпы Қазақстан бойынша 65,9 млрд. теңге сомасына 14,3 мың кәсіпорынға цифрлық кредит берілді, оның ішінде Даму мемлекеттік бағдарламасының қатысуымен (жылдық 6%) 17,4 млрд. теңге сомасына 4,7 мың кәсіпорынға цифрлық кредит арқылы қаржыландырылдыАйта кетейік, Onlinebank қосымшасын белсенді қолданушылар саны 120 мыңға дейін артты.

***

Global Finance қаржы журналы 1987 жылы құрылған, таралымы 50 000 дана және әлемнің 193 елінде оқырмандары бар. Журнал аудиториясы халықаралық компаниялар мен қаржы институттары жұмысындағы инвестициялар, стратегиялық шешімдер үшін жауап беретін қаржы және корпоративтік саладағы басшыларды қамтиды. Басылым сайтында халықаралық қаржы нарығысаласындағы көпжылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын аналитика мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, басқа кеңселері әлемнің бүкіл елінде бар. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызмет арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сенімді сапа стандартына айналды.

Қазақстан Халық Банкі АҚ (Halyk Bank) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-те 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 11 002,4 млрд теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 611 филиалы мен бөлімшесі бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда қызмет атқарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Ғылым туралы» заңға түзетулер енгізіледі

Сәр Қар 3 , 2021
Оқылды: 817 Парламент «Ғылым туралы» Заңына түзетулерді қабылдады. Заңға енгізілген түзетулер ғылым саласын қаржыландыру мен қолдау шараларын жақсартуға бағытталған. Бұрын-соңды ғалымдардың қатысуымен өтетін әрбір кездесуде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту мәселелері көтерілетін еді. Жалақыны базалық қаржыландыру тетігіне тек басшылар мен көмекші қызметкерлерді ғана емес, сонымен […]