«Еркін сөз-2022»: журналистер байқауы

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына өтетін «Еркін сөз-2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінің Grand Palac залында өтті.

Шараға журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты.

Бас жүлдеге 500 мың теңге, ал арнайы марапатқа 100 мың теңге ақшалай сыйлық және арнайы диплом және сертификаттар табысталды.

Қаржы тақырыбында жазып, бас жүлде алған журналистер:

“Үздік мақала” аталымы бойынша бас жүлде – Абай Қазбекұлы

“Үздік телесюжет” аталымы бойынша бас жүлде – Мерей Мұратханқызы

“Сайттағы үздік мақала” аталымы бойынша – Мелс Сейдахметов

 

Арнайы сыйлықпен марапатталған журналистер:

Нұрперезент Домбай атындағы сыйлық – Амандық Сағынтайұлы; 
Қуандық Шамахайұлы атындағы сыйлық – Ділда Уәлибек; 
Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық – Аяулым Смағұлова; 
Айнұр Сыдықова атындағы атындағы сыйлық – Сымбат Сатыбалдина; 
Жолдасбек Дуанабай атындағы сыйлық – Нұрболат Адырбек; 
Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық – Салтанат Ақтәжиева; 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Білікті білім жинап, кәсіп етер

Жұм Жел 2 , 2022
Оқылды: 650 Қарағанды қаласындағы бірнеше кәсіптің иесі, көптеген марапаттарға ие болған, сонымен қатар білім беріп, оқытушы болып жүрген Тлек Шотаев – сұхбатымыздың қонағы. Жастайынан тынбай еңбек етіп, бүгінгідей нәтижелерге жетіп жатқан білікті кәсіпкер өз тәжірибесімен таныстырды. “Білікті білім жинап, кәсіп етер, білімнің дәмін татып, өсіп-өнер” демекші, білікті тұлғаның жинаған білімі […]