Елімізге еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған
ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ
13 МАУСЫМ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ КҮНІНЕ ОРАЙ
МАРАПАТТАУ ТУРАЛЫ

ХАЛЫҚ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН
ТӘУЕЛСІЗДІК ЛЕНТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ:
1. Қарағанды қаласында «Ұлы дала таңы» фильмінің тегін көрсетілімін ұйымдастырғаны үшін Марат Түсіп пен Дулат Төлеген марапатталады.
2. Қарағанды қаласында 31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ескерткішті әзірлеп, орнатқандары үшін
– ескерткіштің авторы Төлеген Жармұхамед
– Айкен Солонен,
– Алма мен Дулат Сергелштам,
– Алвира Шульц және т.б марапатталады.

3. Көне қыпшақ әнұранын тауып және жариялағаны үшін Александр Николаевич Гаркавец – түрколог, қыпшақтанушы ғалым марапатталады.
4. Қарағанды қаласында ұлттық музыка өнерін насихаттап жүргені үшін сазсырнайшы – Сиязбек Ершіманұлы марапатталады.

«ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ» ЛЕНТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛСЫН:
1.Шымкент қаласында өтетін жылсайынғы республикалық «Бесқару» этнофестивалін ұйымдастырып, өткізіп жүргені үшін – Рүстем Әшетай және этнофестивальді ұйымдастыру алқасы мен фестивальге қатысушылар қазақтың әскери тарихы мен мұрасын насихаттауға бағытталған «ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ ЛЕНТАСЫМЕН» марапатталады.

«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының
«Qazaq club» құрметті төрағасы Темірғали Көкетай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Солтүстіктегі ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндігін кеңейту мәселелері талқыланды

Жұм Мау 17 , 2022
Оқылды: 646 «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның солтүстік облыстарының өңірлік форумы.  2022 жылдың 17 маусымында Қазақстанның солтүстік облыстарының «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форум болып өтті. Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен, Coca-cola  […]