Экстремизм және терроризм, қоғамға қауіп

ҚР Қарулы күштерінде «Өміріңді сақта» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 85510 әскери бөлімінің жеке құрамымен деструктивті идеяларға, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы үгіт-насихат іс-шараларын құқық қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізді. 

  Конференцияға Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы – Мәулен Әбілхайыр, Ақтас кентінің учаскелік полиция инспекторы – капитан Нұрлан Аханов, Қарағанды облысы конфессия аралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының теолог маманы – Құдайберген Аяпбеков, сондай-ақ Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің – аға офицері, әділет капитаны Бекжан Мамановтың қатысуымен орын алды. 

   Конференция барысында теолог Құдайберген Аяпбеков қазіргі әлемде діни экстремизм мен терроризм, қоғам мен мемлекеттік тұтастық үшін аса маңызды проблемалар мен қатерлердің бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге, қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, елімізде бұл проблематикаға үлкен көңіл бөлініп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істеліп жатқаны жеткізілді.

   – Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады. Бұл жалпыға ортақ проблема, бұл мәселені біз мемлекеттік қызметкерлер болып қана емес, бүкіл ел болып шешуіміз керек. Шараның өткізілуіне қолдау танытып, мұрындық болған құрметті қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті өз сөзінде, 85510 әскери бөлімінің командирі, майор Дәулет Сейтжапаров.  

   Кездесу барысында спикерлер әскери ортадағы діни экстремизм мен терроризмнің көріністерімен байланысты жағдайға және қазіргі заманның осындай сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл шараларына қатысты әскери қызметшілерді қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сарбаздардың аналар комитеті, Қарағанды қаласындағы әскери бөлімдерде болды

Сәр Жел 13 , 2023
Оқылды: 589 «Аналар жүрегі» сарбаздар аналар комитеті республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды ​​облысындағы өкілдері Зағира Әубәкірова мен Марина Бейсембаева 31775 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті. Кездесу барысында әскери бөлімнің қолбасшылығы халыққа мерзімді әскери қызметшілердің өмірі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, жәрдемақы түрлері, нормаларымен танысып, жауынгерлік даярлық кабинеттерін, казарма, асхананы аралап […]