Ауған соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы отставкадағы полковник Аманкелді Жантасов  оқушылармен «Әскери патриоттық айлық» аясында онлайн кездесуі өтті.     Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың бойына ерлік, отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Дөңгелек үстел барысында Кеңес Үкіметі кезінде аты аңызға айналған Борис Керімбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға ел батыры жөнінде мағлұмат айтылды. Өз […]

30-сәуір, сағат 11:00 де астаналық саябақта (Панфилов көш. ТК «Городской Романс») Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға жаппай ағаш отырғызылады. Салтанат Рахымбекова атындағы аллеяны оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері есімін мәңгі есте сақтау және оның азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 2020-жылдың қазан айында […]

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбындағы инфографика жұмыстарына конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес, сайлау, жұртшылықтың қатысуымен өтетін консультативтік жиналыстар, референдум, Парламент/мәслихат құрылымы мен жұмысы, заң шығару, жергілікті өзін-өзі басқару немесе басқа да демократиялық институтқа азаматтардың қатысуын инфографика арқылы жеткізу қажет. Үздік үш инфографикалық жұмыстың авторлары ақшалай сыйлық алады: Жүлделер: […]

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу болып табылады. – Болашақ дәл бүгінен басталады. Ал, төл тарихымызды […]

Қарағанды ​​гарнизонында сарбаздар арасындағы, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған «Әскери антқа адал бол» әскери тәртібі мен заңдылықты нығайту онкүндігі аяқталды. Гарнизонның барлық әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке құрамды жасырын сұрастыру арқылы әлеуметтік сауалнамалар енгізе отырып, профилактикалық әңгімелер мен сабақтар жүргізілді. – […]

Әскери-техникалық мектептің оқушылары алған білімдерін іс жүзінде қолданады. Осы мектептің Қарағанды ​​филиалының оқушылары СПГ-9 танкке қарсы граната атқыштан іс жүзінде атып көріп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Түсірілім алдында тыңдаушыларға сабақ өткізіліп, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулар берілді. «Бүгін біз ауыр танкке қарсы граната атқыштың кезекті атушыларының дайындық-жаттығуын аяқтаймыз. Кейіннен бұл оқушылар жергілікті […]

Түркияда «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы аясында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Түркия туризмін насихаттау және дамыту агенттігінің (TGA) үйлестіруімен туризм секторының қызметкерлерін вакцинациялау жүйесі жүзеге асырылуда. Барлық туризм индустриясының қызметкерлерін вакцинациялау 2021 жазғы туризм маусымы басталғанға дейін аяқталады. Вакцинация бағдарламасы авиакомпанияларды, әуежайларды, орналастыру мекемелерін, туристік агенттіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ, кәсіби гидтерді қамтиды. Бағдарлама алдағы жазғы маусымда […]

Қарағандыда Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі 9 сәуір – Мемлекеттік тіл күніне орай «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы иегерлерінің есімдері аталды. «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының ұлттық құндылықтарды сақтау, насихаттауға бағытталған жеке бастамалар мен жобаларды атап өтуге арналған жыл сайынғы республикалық «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы тағайындалған. Аталған сыйлықты тағайындаудағы мақсат […]

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2021 жылы 30 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізілді. Осы жылғыіс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында өтті. Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған. Жылдың ең үздік оқырмандары келесі […]

Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Наурыз мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған, Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің қызметкерлері «Тарих күні» арқылы еліміздің кешегісі мен бүгінімен танысып, Қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығын саралаған болатын! Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи […]