Елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы 3 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама аясында 1000-тарта жоба ұсынылған. Биыл оның жүз отыздан астамына қолдау көрсетіледі. Ал, журналистер қауымы «Рухани жаңғыру бағдарламасы мемлекеттік тілді ұлықтаудан басталу керек»,- дейді.

Қарағандыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бүгінгі күні шаһарымыздағы еңбек нарығында 1500-ден аса бос жұмыс орны бар.

Қарағанды өңірі республикада ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшыларының бірі болып отыр.  IT және маркетинг жайында өткен бесінші конференцияда өзекті мәселелер қарастырылды.

Кемел елдің келешегінің тұтқасы – жастарда. Қазақстан жастарына бүгінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер мен жаңа тенденциялар бар. Мәселен, 2019 жылы республикада «Жастар жылы» деп жарияланып, ауқымды іс-шаралар өтіп, көп жасты жұмыспен, баспанамен қамту, олардың шығармашылық әлеуетін кеңейту, сапалы білім беру т.б мәселелер басты нысанаға алынып, орындалды. Оған жастар кадрлық […]

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ел алдында 3 сағат бойы есеп беріп, өңірдегі барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында баяндама жасады. Кездесуде аймақ басшысы тұрғындарды толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді.

Ақпанның 18- 19- күндері Қарағанды облысының тас жолдарында 200-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды. Сондай-ақ, 19 – ақпанға қараған түні Теміртау қаласындағы автотұрақта 4 көлік толығымен өртеніп кетті. Бұдан бөлек, 20- ақпанда сағат таңғы төрттер шамасында, белгісіз біреулер Пришахтинск қаласындағы Зеленский көшесінде орналасқан дәмхананы өртеген.

  Францияда дзюдодан өткен «Grand Slam» спорт бәсекесінен жерлесіміз Жансай Смағұлов күміс жүлдемен оралды. Жерлесіміздің ендігі арманы биыл Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарында чемпион атану.

Елімізде хакім Абайдың өлеңдерін оқу челленджі өткен жылы басталған. Енді, Абай өлеңдерін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері жасап шыққан робот айтып береді. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген сөзін студенттер іс жүзінде орындады.