http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Ерікті жастар қарттарға азық-түлік таратты. Төтенше жағдай жарияланғандықтан, көптеген қарияларға тағам өнімдерін алудың өзі қиындай түскен.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағандылық журналист Ботагөз Омарова соққыға жығылды. «EurasiaBuilding» ірі компаниясының күзетшісі тілшіні ғимараттан мәжбүрлеп шығарып, күш қолданған. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Журналист қызмет барысында екі ай бойы жалақы алмаған жұмыскерлермен сөйлеспекші болған.

0   http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Аймағымызда өңдеу өнеркәсібінде оң серпін байқалады. Атап айтқанда, машина жасау 7,4%, жеңіл өнеркәсіп 33,3%, резеңке және пластмасса бұйымдары 40,9 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы деректер бойынша Қарағанды облысында 87 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорыны жұмыс […]

  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды қаласында жолаушы тасымалдаушы 500-ге жуық автобус болса, барлығы енді күніне бірнеше мәрте санитарлық тазалықтан өтеді.Тазалық шаралары қазір қызу жүргізілуде. Тіпті қоғамдық көліктердің барлық жүргізушілері мен кондукторлары медициналық бетперде киіп жүруі тиіс. Ал, тазалық жұмыстарына қажетті жабдықтармен автопарк басшылары қамтуға міндетті.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Теңгенің құны құлдырап барады. Кәсіпкер, АҚЖОЛ ДП партиясының өкілі Бейбіт Күлмағамбеттің сараптауынша, «ОПЕК- мұнай өндіруші елдердің арасындағы ұйым мүшелері өзара келіспей, мұнай бағасы төмендеді. Сонымен қатар Қытайда басталған Короновирус дерті өршіп, шекара жабылды.Тауарлар да біртіндеп қымбаттап жатыр. Ресейге ілесеміз деп, теңге […]

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Жалпы көктемде еріген қар суы өңірдің 174 елді мекенің басып қалуы мүмкін. Табиғаттың тосын мінезіне төтеп беру үшін қауіпті аймақтарда мұздар жарылып, қоймадағы су төмен деңгейге түсіріліп жатыр. Оған қоса оқыс жағдай бола қалған жағдайда, халықты уақытша орналастыруға арналған 231 пункті […]

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Биыл облыста егін егу алқабы 22,5 миллион гектарға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ, елімізде көкөніс, бақша өнімдері, картоп, майлы және азықтық дақылдар алаңы ұлғайтылып, дәнді дақылдар алаңы азаяды. Сондай-ақ 2020 жылы өңірде 375 миллиард теңгеге ауыл шаруашылық өнімі өндіріледі. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының […]

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды теміржол вокзалы қайта жөндеуден кейін қолданысқа берілгенімен кемшіліктер жетерлік. Эскалаторы қосылмаған. Мүгедектерге жүріп-тұруға жағдай жасалмаған. Енді тиісті талаптарды орындамаған мердігер ғана емес, авторлық және техникалық қадағалауды дұрыс жүргізбегендер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Тұрғындардың наразылығын туғызған Лободы көшесіндегі тұрғын үй салынбайтын болды. Жеңіс саябағына жататын көшедегі қиылған ағаштардың орнына 150 көшет отырғызылады. Жұрттың шуынан кейін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жағдайды тікелей бақылауға алғанын Facebook парақшасында мәлімдеген. Әлеуметтік желіде дауға ұласқан жағдай ашық қоғамдық кеңесте талқыланды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Өткен жылдың 27-желтоқсанында «Сарыарқа» магистарльдық газ құбыры ресми түрде пайдалануға берілді. Жаз айының басында Теміртау қаласының тұрғындары табиғи газды қолдана бастайды. Сондай-ақ металлургтер қаласындағы 2-ші жылу электр орталығы да біртіндеп табиғи газды пайдаланбақ.