http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Журналистер қауіпті мамандықтар санатына қосылады. Беті аулақ, бірақ соғыс болса – алғы шепте оқтың астында, өрт болса- оттың ішінде, сел, тасқын болса – судың ішінде жүріп хабар таратады. Бір сөзбен айтқанда, қайнаған өмірдің ләззатын таратса, қиналған елдің басын сүйеп, сыздаған балтырын сипап, […]

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағандылық полицейлер төтенше жағдай кезінде «WhatsApр» желісі арқылы жалған ақпарат таратқан қос тұрғынды жауапқа тартты.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облысының кәсіпорындары жұмыс орындарын сақтауға, еңбек құқықтарының сақталуын және өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Осы мақсатта өңірдегі жергілікті әкімдіктер мен 160 ірі және орта кәсіпорын мен кәсіподақ арнайы үш жақты меморандумға қол қойды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облыстық соты онлайн режімінде жұмыс істейді. Қарағандыда карантин жариялануына байланысты, судьялар да арнайы санитарлық талаптар мен ережелерді қатаң сақтайды. Ал, аса қажет болған жағдайда сот кабинеттері адамдардың тікелей қатысуымен жұмысын жалғастыра береді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=807481533092700&id=100014925823690

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Театрларда сахналық киімдермен қоса медициналық бетперде тігіледі. 5 күннен бері қаламыздағы үш театрдың тігін шеберханасында бірнеше рет қолданылатын медициналық бетперде дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл жерде әр күні жүздеген медициналық тұмша жасалып, емханаға жіберіледі. 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. 30-наурыздан бастап Қарағанды облысының 5 қаласы карантин режиміне көшті. Аталған жағдайға байланысты аймақтың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың қаулысы шықты. Бұл Қарағанды, Абай, Шахтинск, Саран және Теміртау қалалары. Өңірде сақтық шаралары да күшейтілді. Ал, сәуірдің 2-ненбастап қаламызда толығымен каратин енгізіледі.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды шаһарына карантин енгізілуіне байланысты бекеттердегі жұмыс күшейтілді. Қаланың жан-жағына 12 санитарлық бекет қойылып, 130 адам жұмыс атқарып жатыр. Қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында, полицейлер екі ауысыммен еңбек етеді.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қоғам белсендісі Жексен Әбдірахманов елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, отбасымен карантинге көшкен. Ақсақалдың айтуыншаа, әлем халқы дүрлігіп жатқан вирустан өзіміз сақтансақ, қауіпті індеттен бәріміз де аман боламыз. Сондықтан дәрігерлердің талаптарын тиісінше орындаған дұрыс. Осылайша мемлекетке де, өзімізге де көмектесе аламыз.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Мысырдан келген Шахтинск қаласының тұрғындары дәрігерлерге есігін де ашпаған. Құтқарушылар оларды мәжбүрлі түрде медициналық мекемеге апарып, карантинге жатқызды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қаламыздағы «Дарынды бала» көшбасшылықты дамыту орталығы республикада бірінші болып қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бүлдіршіндер онлайн режимде сабақ оқып қана қоймай, тіпті ойын ойнайды. Сондай-ақ, бұл жүйеге еліміздің басқа өңірлері де қосылуда.