Алматыда ең ірі «Азия Дауысы» фестиваліне дайындық жүріп жатыр. Шара 28, 29 және 30 шілдеде Медеу биік мұз айдынының сахнасында өтеді. Halyk bank  100  жылдық мерейтойына орай Halyk«100 игі іс» акциясын бастады және қайырымдылық жобасыаясында банк 20 жылға жуық уақыттан кейін атыаңызға айналған «Азия Дауысы» фестивалін қайта жаңғыртуды ұйғарды. Осылайша, Халық өзініңтуған күнінде оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына керемет ауқымды шараның бір бөлігіболуға мүмкіндік береді. Halyk басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев фестиваль Қазақстанның айшықты белгісіне айналатынына сенімді. Оның айтуынша, Алматы қонақтары мен тұрғындары осындай ауқымды жобаны асыға күткен. «100 жылдық мерейтой аясында біз тұтынушыларымызға сыйлық жасауды ойладық. Ал Арманжан Байтасов бізге келіп, «Азия Дауысын» қайта жандандыруды […]

Құқық бұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Ағымдағы жылдың шілде айында Қарағанды облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімі қызмет көрсетілетін гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінде қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Осылайша, лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әскери бөлімдердегі атыс қаруы […]

Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы өткізілді. Аталмыш акция Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу және «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарына […]

Қарағандыда жергілікті әскери басқару органдары офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті. Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықовтың басшылығымен қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтарының орынбасарларымен, басқармалар бастықтарымен, аудандық және қалалық деңгейдегі бөлімдердің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Аталған санаттағы әскери қызметшілерге мемлекеттік қызмет көрсету, азаматтарды мерзімді әскери қызметке […]

Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Спасск оқу-жаттығу орталығында жергілікті әскери басқару органдарының басшылығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қылмысқа орын жоқ екені айтылып, […]

2023 жылы 14 шілдеде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы атынан Басқарма Төрағасы Айгүл Сағадыбекқызы Соловьева мен «QazInnovations «инновацияларды дамыту жөніндегі Ұлттық Агенттігі» Акционерлік қоғамы атынан Басқарма Төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов атынан ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою кезінде тараптар креативті тәсілдерді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрақтылық саласында […]

Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз. Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түркия Туризмін таныту және дамыту агенттігі (TGA)  мен Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастыруымен Түркия Республикасында жүрміз.  Бауырлас елде көздің жауын алатын жауһар мекен көп қой. Соның […]

TURABEXPO көрме ұйымы Стамбұлда 2023 жылдың 15-18 тамызы аралығында «Медициналық туризм және денсаулық сақтау» тақырыбында көрме ұйымдастырады.  Аталған шараға ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар, агенттіктер және сақтандыру компанияларының өкілдері қатыса алады. Медициналық құрал-жабдықтар, ауруханалық жабдықтар мен технологиялар, фармацевтикалық өнімдер қойылатын көрмеге Түркиядағы 150 медициналық мекеменің өкілдері мен бүкіл әлемнен қатысушылар шақырылған. […]

«БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.  Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып – лудоманиямен күрес. «Мәдениет және спорт министрлігі […]

Қазақстанның жетекші банкі – Halyk ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды. Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл бойы фестиваль Еуразия континентінің ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғана емес, сонымен қатар аймақтың музыкалық өмірінің символы, таланттарды тарту орталығы болды.  Орындаушылардың бірнеше буыны «Азия дауысы» өзінің жұлдызды мансабының бастамасы деп атай алады. Осы  уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19 жылдан кейін аңызға […]