5 ҚЫРКҮЙЕК-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР, ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ МЕН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ
5 ҚЫРКҮЙЕК-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

ОСЫ ОРАЙДА СІЗДЕРДІҢ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА АҚЫН НАУРЫЗБАЙ ЖАРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІНЕ АРНАҒАН ӨЛЕҢІН ҰСЫНУДЫ ЖӨН КӨРДІК.

Асылдың айтылсын жыры,
Ғасырдың қайғырсын тіні..
Алаштың алтын тұлғасы –
Ахмет Байтұрсынұлы.

Туған жер-тұғырдан түлеп,
Ел деп бел буынған үдеп.
Ұлтым деп бұлқына түсті,
Ұлт үшін туылған жүрек.

Тектілік тұра ма тұнбай,
Сөзінен нұр ағатындай.
Ғасырда туылады бір
Расында ғұлама мұндай.

Елім деп қанатын керіп,
Жүрегі жанатын келіп.
Тіліне тым мығым еді,
Дініне болатын берік,

Жұрт жүрген иен тегін жайлап,
Көз тартар кең,керім аймақ..
Жер жайын терең қозғады,
Елінің ертеңін ойлап.

Жұртына тұрақ ғып төрді,
Өз жерін жұмақ,құт көрді.
Ұлт тілін ұлық тұтуды,
Ең басты мұрат ғып келді.

Кенелмей озат білімге,
Болмассың азат бүгінде.
Деп содан «Әліппе» жазды.
Ұлт үшін – қазақ тілінде.

Жұртының ділмәрі болып,
Жүргенде жыр бағын торып.
Зұлмат тұс-отыз жетінің
Кеткен-ді құрбаны болып…

Жалынның сөнбейтіндігі,
Дарынның өрлейтіндігі.
Өмірде рас,екен ғой,
Ғалымның өлмейтіндігі.

Құт кернеп байтақ, арысты,
Оятып
Айтақ!!!
..намысты..
Шоң жүрек,қайран ғұлама,
Халқымен қайта қауышты.

Тектінің даңғыл тәлімі –
Халқының толқын-тамыры.
Ахмет Байтұрсынұлы—
Тарихтың АЛТЫН ӘРІБІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Заңға бағынған құл болмайды.

Дүй Қыр 9 , 2024
Оқылды: 173 «Астана» өңірлік қолбасшылығында заң қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу-əдістемелік жиын өтті. Аталмыш жиынға Қарағанды гарнизонының барлық әскери бөлімдерінен келген заң қызметінің бастықтары мен офицерлері қатысты. «Астана» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу жоспарына сәйкес 2024 жылдың қыркүйек айында «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының ведомстволық бағынысты әскери бөлімдерінің заң қызметтерінің басшыларымен оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оқытудың негізгі […]